Жұма, 27 маусым, 13:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№46,2159
24.06.2025
PDF мұрағаты

Кәсіпкер: «Өңірлік орталықтан алған қаржының арқасында 6 адамды жұмыспен қамтып отырмын»

27.06.2025

56 0

Қармақшылық Есжанова Тұрсынкүлдің Жосалыда қоғамдық тамақтану орнын ашқанына 1 жылға таяды. Ал жалпы кәсіппен айналысып келе
жатқанына 5 жылдан асты.

«Кәсіппен айналысу қанымда бар, ата-анамнан үйренгенмін. Өзім төрт ағайындымыз. Төртеуміз де қазір кәсіпкерміз. Осыдан 5 жыл бұрын сауда ғимаратынан отыратын орынды жалға алып, киім-кешек сатумен айналысып бастадым. Саланың қыр-сырын меңгергеннен кейін қоғамдық тамақтану орнын ашқым келді. Себебі біздің ауданда бұндай орындар онша көп емес, сұраныс бар», – дейді Есжанова Тұрсынкүл.

Бұл жолы кәсіпкер қоғамдық тамақтану орнына қажет ғимараттың толық өзінікі болғанын қалайды. Осылайша кәсіпкерлік мақсаттағы ғимаратты сатып алуға қажет қаржыны іздейді.

«Біраз қаржы ұйымдарының өнімдерімен таныстым. Берілетін несиенің пайыздық мөлшері жоғарылау болды. Содан аудандық кәсіпкерлік бөліміндегі мамандардан «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы төмен пайызбен несие алуға болатынын естідім. Процесс көп уақытты алған жоқ. Құжаттар тапсырғаннан кейін мемлекеттік бағдарлама арқылы 7 млн теңге несие алдым», – дейді қармақшылық кәсіпкер.

Кәсіпкер: «Өңірлік орталықтан алған қаржының арқасында 6 адамды жұмыспен қамтып отырмын»

Тұрсынкүл Есжанова алған жеңілдетілген несие «Іскер» бағдарламасы арқылы 6 пайызбен берілген. Несие мерзімі 5 жыл.

Бүгінде кәсіпкердің бизнесі тұрақты жұмыс істеп тұр. Халыққа 24/7 режимімен қызмет көрсетуде. Ғимаратында бір мезетте 80 адамға қызмет көрсете алады. Тұрсынкүл Есжанова осы кәсіптің арқасында 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды.

Айта кету керек, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 10 жылда қызмет көрсету саласындағы 623 жобаға 4,1 млрд теңге жеңілдетілген несие берілген.

«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығының
баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: