Жексенбі, 22 желтоқсан, 08:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы тағайындалды

17.12.2024

7 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы болып тағайындалған Әбілхаиров Дәурен Тұрғанбайұлы таныстырылды.
Аймақ басшысы Дәурен Әбілхаировтың жаңа қызметіне сәттілік тілеп, бірқатар маңызды міндет жүктеді.
«Әріптесіміз аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалымен етене таныс. Мемлекеттік қызметте және жеке секторда, ірі өндіріс орындарында қызметтің түрлі сатысынан өтіп, мол тәжірибе жинаған әлеуеті жоғары кадр.
Басқарма мен оның жаңа басшысына маңызды міндеттер жүктеледі. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі бағытындағы жобаларға инвестиция тарту, индустриялық аймақтардың тиімділігін арттыру үшін шағын өнеркәсіптік парктер құру, өңірге инвестиция тартуда тиісті шаралар қабылдау, кәсіпкерлік субъектілерінің санын, жұмыс күшін, өндірілген өнім көлемін ұлғайту керек. Дәурен Тұрғанбайұлы тәжірибесіне сүйеніп, өнеркәсіп және кәсіпкерлік салаларын дамытуда аянбай еңбек етеді деп сенім артамыз», – деді Н.Нәлібаев.
Дәурен Әбілхаиров 1979 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген. Ресей Федерациясы Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университетін «Инженер», Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетін «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген. Башқұртстан Республикасы Ғылым Академиясы энергоресурстарды тасымалдау проблемалары институтының аспиранты. Техника ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 2002 жылы «Торғай-Петролеум» АҚ мұнай-газ өндіру цехының операторы ретінде бастап, әр жылдары кәсіпорында түрлі жауапты қызметтер атқарған. 2014-2016 жылдары «Саутс-Ойл» ЖШС-да, Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің өңірлік департаментінде бөлім басшысы болып еңбек еткен. 2019-2023 жылдары Энергетика министрлігінде, «Торғай-Петролеум» АҚ-да басшылық лауазымдарда болған. 2023 жылдан 2024 жылдың қазанына дейін «Торғай-Петролеум» АҚ бас директоры қызметін атқарып келді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: