Жексенбі, 22 желтоқсан, 19:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«LUXURY HOUSE» – жиһаз әлемі

17.07.2021

1453 0

Қаламызда тағы бір кәсіпкерлік нысан қанатын кеңге жайды. «Luxury house» жиһаз көрмесі деп аталатын сауда үйінде енді тек әлемге белгілі фирмалардан шыққан тауарлар саудаға түсетін болады.

Пандемия кезінде де кәсіпкерлерді қолдау тоқтаған емес. Мұны «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының көмегімен «Luxury house» жаңа көтерме жиһаз дүкенінің ашылуы дәлелдейді. Алынған қаражат дүкенді кеңейтуге жұмсалды. Мұнда үй жиһаздарының 100-ден астам түрі бар.

Дүкеннің құрылтайшысы – Ақтолқын Махамбетова. Ол 15 жылдан бері қызылорда­лықтарды сапалы және жайлы жиһаздармен қамтамасыз етуде. Жиһаз дүкеніндегі тауарлар Ресей, Түркия және Қытай елінен келеді. Мұнда тұтынушылар өзіне ұнайтын жиһазды банк арқылы несиеге рәсімдей алады. Дүкенге келушілер үшін жиһаздың 100-ден астам түрін таңдауға мүмкіндік бар.

– Біз жиһаздың сапасына үлкен мән береміз. Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келетін және сертификаты бар өнімдерді әкелуге тыры­самыз. Болашақта жиһаз шығаратын өз шебер­ханамызды ашуды жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты біз жұмыс орындарының санын көбейтуге мүмкіндік аламыз. Жиһаздарды бас­қа қалаларға да жеткізіп береміз. Жиһазға көтер­ме бағамен тапсырыс береміз және бағаны қымбаттатпауға тырысамыз, – дейді кәсіпкер.

Ақтолқын Махамбетова «Даму» қоры ар­қылы дүкенін кеңейту үшін 40 миллион теңге қаражат алған. Сондай-ақ өз кәсібін ашқысы келетіндер «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек»,  «Нәтижелі жұмыспен қамту», «Жап­пай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламаларын қол­дана алады. Бағдарламалар көмегімен өткен жылы жалпы сомасы 8 миллиард теңгеге 89 жоба жүзеге асқан.

– Әлемде болып жатқан пандемия кәсіп­керлерге де өз әсерін тигізіп отыр. Осы орайда кәсіпкерлерді қолдау мақсатында мемлекеттік және өңірлік деңгейде түрлі бағдарламалар қолға алынды. Оның ішінде салықтан босату секілді қолдаулар болды. Кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру де қарастырылды. Облыс әкімінің бастамасымен облыстың 2023 жылға дейін­гі экономикалық даму старатегиясы қабыл­данғаны белгілі. Өз кәсібін ашқысы келетіндер «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек», «Нәтижелі жұмыспен қамту», «Жаппай кәсіп­керлікті дамыту» бағдарламаларын қолдана алады. «Luxury house» жиһаз дүкенінің ашылуы мемлекеттік қолдау аясында жүзеге асырылуда. Кәсіпкер «Даму» қоры арқылы бизнесін кеңейтуге қаражат алды. Әрине, аймақта өз кәсібін ашуға және дамытуға ниет білдірушілердің көбеюі бізді қатты қуантады. Бұл, әрине, адамдарды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге ықпал етеді, – дейді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов.

Жиһаз кеңсеге келбет, үйге сән береді. Бүгінде үйді де, кеңсені де онсыз елестету мүмкін емес. Әр үйден табылатын жиһаздың сан түрі жинақылық үшін таптырмас дүние. Олай болса, сіз іздеген әсем жиһаз «Luxury house» дүкенінен табылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: