Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мемлекеттен қолдау алған кәсіпкерлер 4 мыңнан астам жұмыс орнын ашты

22.11.2024

311 0

Жыл басынан бері «Даму» қоры арқылы Қызылорда облысының шағын және орта кәсіпорындары 1 508 жоба қолдау тапты. Оның ішінде субсидиялау бағыты бойынша 852 жоба, кепілдік беру бағыты бойынша 582 жоба, жеңілдікпен несиелеуде 74 жоба қаржыландырылды.

– «Даму» Қоры субсидиялау, кепілдік беру және жеңілдікті қаржыландыру құралдары арқылы шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетеді. Субсидия құралының шарты бойынша кәсіпкерлердің несие мөлшерлемесінің бір бөлігін мемлекет «Даму» Қоры арқылы өтеп береді. Нәтижесінде қарыз жүгі жеңілдеп, ай сайынғы төлемдер азаяды. Бұл «Даму» Қоры жүзеге асырып жатқан субсидия құралының тиімді екенін көрсетеді. Кәсіпкерлер несиенің төлемінен үнемдеген қаражатын кәсіпорынның дамуына жұмсай алады. Кепілдік құралы несие алу үшін банктер талап ететін кепіл болмаған кезде бизнесті ашуға немесе дамытуға мүмкіндік береді. Қызылорда облысында 2010-2023 жылдар аралығында мемлекеттен қолдау алған кәсіпкерлер 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашты, ал бюджетке түскен салық 136 млрд.теңгені құрады», – деп атап өтті «Даму» Қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Руслан Сламхан.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: