Жұма, 27 желтоқсан, 09:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мемлекет қолдауы демеу берді

18.05.2021

1445 0

Мал шаруашылығы мен күріш өсіру – біздің аймақтың ежелгі кәсібі. Сыр бойында үй құстарының, бал араларының, балық және т.б. шаруашылық түрлерін дамыту және ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес түрлерін кеңейту сияқты жобалар белсенді іске асырыла бастады. Көбісі кәсіпті жаңадан бастап, кейде тіпті мемлекеттік қолдау аясында қаржыландырылып жатыр. Ең қызығы, ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің басым бөлігі жастар екені байқалады.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында жыл сайын халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі артып келеді. Осы ретте «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жұмысы да ауыл шаруашылығын өркендетуге арналғанын айта кеткен жөн. Аталған қордың Қызылорда филиалы арқылы ауылдық жерлерде іске асырылатын жобалар қаржыландырылып келеді. Соның бірі – Арал ауданының тұрғыны, жеке кәсіпкер Қонысбек Айжарықов.

Қонысбек өз кәсібін кеңейту мен қаржыландыру үшін қорға жүгінген болатын. Кәсіпкерге қолдау мақсатында өткен жылдың сәуір айында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Қызылорда филиалынан 6 000 000 (алты миллион) теңге несие берілді. Оны 6 процентпен мерзімі 56 айға рәсімдеген.  Бұл қаржыға кәсіпкер жүк тиеуге арналған арнайы техника алған. Кәсіпкердің айтуы бойынша Қор ұсынған шарттар толығымен қанағаттандырады. Сөз арасында ол өз бизнесін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы алынған несие қаражатымен бастағанын айтты.  

 Бүгінгі таңда кәсіпкер осы кәсіпті толығымен меңгеріп, әрі қарай дамытуға ниетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: