Жұма, 29 қараша, 09:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Өңірлік семинар-тренингте мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді

28.03.2024

236 0

Бүгін Қызылордада облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің төрағалығымен 27-28 наурыз күндеріне жоспарланған, Қазақстан Республикасы даму институттары өкілдерінің инвестиция тарту, өнеркәсіпті дамыту және экспортты ілгерілету бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіретін өңірлік семинар-тренинг басталды.

Мемлекет басшысы жаңа инвестициялық кезеңді бастау туралы тапсырма беріп, өңірлерде жеке және шетелдік инвестициялар көлемін арттыруды, ол үшін біртұтас экожүйе қалыптастыруды, даму институттары мен бизнес арасында тиімді диалог орнатуды атап өткен болатын.

Осыған орай жергілікті атқарушы органдар, өңірлік даму институттары және бизнес-қауымдастық өкілдерімен өзара тығыз байланыс орнату мақсатында «Kazakh Invest» ҰК», «Бәйтерек» ҰБК», «Қазақстанның даму банкі», «Өнеркәсіпті дамыту қоры», «Kazakh Export» ЭСК», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» және «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамдарының өкілдері облысқа арнайы жұмыс сапарымен келді.

Семинарға қала және аудан әкімдерінің жауапты орынбасарлары, қаржы ұйымдары және банк басшылары, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңірлік директорлары қатысты.Іссапар аясында 100-ден аса қатысушыға өңірлік семинар-тренинг пен B2G кездесулер өткізіліп, өндірістік нысандарды аралау жоспарлануда. Семинарда «бір терезе», «жасыл дәліз» қағидаларына сәйкес инвестициялық қызметті жүзеге асыру, өнеркәсіп саласын дамыту және шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру бағытындағы мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілуде.

Қорытындысында Қызылорда облысында алдағы уақытта жүзеге асырылуы жоспарланған 17 инвестициялық жоба бойынша облыс, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары мен кәсіпкерлер арасында үшжақты «Жол карталарына» қол қойылды. Бұл іс-шаралар облыстың бизнес ахуалын жақсартуға және инвестициялық белсенділікті арттыруға жаңа серпін береді деп күтілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: