Бейсенбі, 05 маусым, 11:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 -2154
03.06.2025
PDF мұрағаты

Отандық өндірушілерді қолдау мәселесі талқыланды

03.06.2025

163 0

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде отандық өндірушілерді қолдау мәселесі талқыланды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.
Басқосудан соң аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.
«Отандық өндіруші кәсіпкерлерді қолдау басты назарда болуы тиіс. Жергілікті тауарөндірушілердің өнімдерін өткізу үшін мұнай-газ секторындағы жер қойнауын пайдаланушылармен ұзақ мерзімді келісім-шарт жасау маңызды. Өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған сапалы жобаларды әзірлеп, қаржы ұйымдарына ұсыныңыздар», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
​Өткен 4 айдың қорытындысымен өңірдің өңдеу өнеркәсібі саласында 124 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 23,6%-ға артты.
Жергілікті тауарөндірушілерді қолдауда жоспарлы жұмыс бар. Үкіметтік бағдарламалармен қатар, 2 шағын өнеркәсіп паркі салынуда. Парктерде орналасатын жобаларға жылдық 3 пайызбен жеңілдетілген несие беру қарастырылған. Қосымша 5 шағын өнеркәсіптік аймақ құру үшін Өнеркәсіпті дамыту қорына 5 млрд. теңгенің өтінімі жолданды.
Өңірде жыл басынан бері жеке кәсіпкерліктің 491 жобасы қаржыландырылды. Жергілікті өнімдерді өткізу бойынша кәсіпорындармен 74 меморандум жасалды. «Қазпатент» ұлттық зияткерлік меншік институты арқылы географиялық нұсқама құқығын пайдалануға 12 өнім тіркелді.
Бұған қоса, ірі кәсіпорындардың өзекті мәселелері шешімін тауып келеді. Шыны зауытының жұмысы тұрақты. Зауыт іске қосылғаннан бері 45 млрд. 600 млн. теңгенің 37 млн. текше метр өнімін өндірді. Былтыр маусым айында қуаттылығы жылына 5 млн шаршы метр энергия үнемдейтін шыны өндірісінің жаңа желісі іске қосылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: