Бейсенбі, 10 шiлде, 18:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№50,2163
09.07.2025
PDF мұрағаты

Қармақшылық кәсіпкер: «Әр отбасында бір кәсіп болғаны жөн»

10.07.2025

79 0

Қармақшы ауданына қарасты Жосалы кентіндегі «Әсия Ана» балабақшасы тұрғындар арасында сұранысқа ие ұйымдардың бірі. 2023 жылдан бері халыққа қызмет көрсетіп келе жатқан балабақшаның ашылу, даму барысы жайлы бүгін қысқаша айтып бермекпіз.

«Бұл балабақша біздің отбасылық кәсібіміз. Жолдасымның анасы балабақшамыз болғанын армандайтын. Сол кісінің қалауын орындамақ болып ғимарат салуды өз күшімізбен бастап кеттік. Ғимаратты көтеріп қойғанымен толық салып шығуға қаржымыз жетпеді. Осылайша мемлекеттік қолдау тетіктерін іздей бастадық», – дейді балабақша басшысы Рауа Бұйрабаева.

Кәсіпкер «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы жайлы бұған дейін де ауданда естігенін айтады. Талаптарымен танысып, құжаттарын жинақтайды. 2022 жылы ғимаратты аяқтауға, одан кейін құрал-жабдықпен қамтуға Өңірлік орталықтан жалпы 20 млн теңге жеңілдетілген несие алады.

«Алынған қаржы балабақша ғимаратын толық салып шығуға, жиһаз, өзге де қажеттіліктермен қамтамасыз етуге жетті. Нәтижесінде 2023 жылы балабақшамыз қызметін бастады. Сыйымдылығы 62 орындық. Балаларды 2 жастан бастап қабылдаймыз. 22 адамды жұмыспен қамтып отырмыз», – дейді кәсіпкер.

Қармақшылық кәсіпкер: «Әр отбасында бір кәсіп болғаны жөн»

Балабақшада бүгінде 3 топ бар. Мектепке дейінгі ұйымның қызмет көрсету сапасы қармақшылықтардың көңілінен шығып, сұраныс артқан. Кәсіпкер биыл қосымша бір топ ашуды көздеп отыр.

«Негізі әр отбасында бір кәсіп болғаны жөн деп санаймын. Кәсіп бастау бізге оңай болған жоқ. Қаржылық қиындықтар болды. Несиені уақытылы жауып, қызметкерлердің жалақысын мерзімінде тауып беру бастапқыда ауыр болды. Дегенмен бұл жағдайды уақытша қиындық деп қарап, отбасымызбен еңсере алдық. Шүкір, қазір жұмыс жүйеленіп, жағдайымыз жақсарып келеді. Кәсіп бастауда аяққа тұрып кетуімізге жағдай жасаған «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығына айтар алғысымыз шексіз. Әсіресе, ісін енді қолға алып жатқан аймақ тұрғындары үшін өте жақсы қолдау көрсететін ұйым деп айтар едім», – дейді кәсіпкер Рауа Бұйрабаева.

Кәсіпкерлік мақсатта мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдетілген несие алуға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығына хабарласа аласыздар. Байланыс телефоны: 8 /7242/ 40-03-60, 40-02-37.

«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығының
баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: