«Садуақасов» жеке кәсіпкерлігі 2006 жылы құрылған. Сол жылдан бастап темір жол тұйығын жалға берумен айналысып келеді. 2014 жылдың қаңтар айында Ресей елінен «Монолит Сервис»мекемесінен «Лидер Мастек» вибропресстелген өнімдер шығаратын зауытын өз қаражаттарына сатып алған. 2015 жылы зауытты іске қосып, алғашқы вибропресстелген өнімдерін шығаруды бастады. Сонымен қатар вибростолдағы Евро брусчатка шығарумен де айналысады.
– Тапсырыс көбейіп,сұраныстың артуына байланысты 2021 жылдың сәуір айында автоматтандырылған «Рифей-Буран» зауытын да іске қосты. Аумағы 1,8 га болатын өндірістік орында орналасқан жабдықтарда құрылыс материалдары өндіріледі. Өндіріске жылына 10 000 тонна қиыршық тас, 2000 мың тонна цемент қолданылады. Кәсіпкерліктің жұмысын жүйелеуге 30 адам жұмылдырылған. Қазір мұндай өнімдер шығарудан жалпы республикада Қызылорда мен Түркістан облыстары алда тұр. Біздің өнімдерге Жезқазғаннан көп сұраныс түседі. Сонымен қатар қала ішіндегі құрылыс болып жатқан орындарды қамтып отырмыз,- деді мекеменің сатушы менеджері Айбек Сембаев.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!