Жұма, 25 шiлде, 18:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54, 2167
22.07.2025
PDF мұрағаты

Қызылордалық кәсіпкер: «Мемлекеттік қолдаудың арқасында өнім өндіру көлемі бес есеге артты»

24.07.2025

237 0

Бүгінгі кейіпкеріміз өткен жылы ғана айына 3 мың тәтті тоқаш пісірсе, бүгінде ең кемі 15-16 мыңнан астам нан өнімдерін тұтынушыларына ұсынуда. Кәсіп иесі бұл көрсеткішке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қолдаудың, яғни «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығынан жеңілдікпен алған несиенің арқасында жеттім деп отыр.

Қызылордалық Лаура Ұзақова 4 баланың анасы. Негізгі мамандығы химия пәнінің мұғалімі. Бала күтіміне байланысты уақытша демалысқа шыққаннан кейін мамандығы бойынша қайта жұмыс істеуге мүмкіндігі болмайды. Осы кезде декретте отырғанда енесінен үйренген ісі табыс көзіне айналдыруға сеп болады.

«Жолдасымның анасы Жұмакүл Арынғазиева 40 жыл наубайханада жұмыс істеген. Тәжірибелі маман. Ол кісінің қолынан шыққан нан өнімдерін жақын маңдағы дүкендер алып тұратын. Жанында жүріп тәтті тоқаш пісіруді үйреніп алдым. Жұмыссыз қалғанда анамыздан үйренген істі кәсіпке айналдыруды ойластырдым», – дейді Лаура Ұзақова.

Жас кәсіпкер алғашында отбасының қаржысына алынған екі секциялы пешпен ісін бастайды.

«Нан өнімдерінің ішінде тәтті тоқашымызда сұраныс жоғары болды. Айына 3000 тоқаштай пісіріп, шағын дүкендерге жеткізіп беріп жүрдік. Өнімімізге сұраныс артты. Алайда бір пешпен үлгермейтініміз белгілі болды. Осылайша кәсіпті кеңейту керек, бірақ оған қаржыны қайдан табамыз деп жүргенде спорт секциясына балаларды тасып жүрген жолдасым ата-аналардың бірінен «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы жайлы естіп, үйге айтып келді», – дейді жас кәсіпкер.

Өңірлік орталықтың жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға арналғанын білгеннен кейін бағдарламаларымен танысып, өтінім береді. Кәсіпті кеңейтуге Орталық арқылы биыл мамырда 6,5 млн теңге жеңілдетілген несие алады.

«Бұл қаржыға төрт секциялы екі пеш, екі жұмыс үстелін, нан өнімдеріне арналған сөрелер, қалыптар, өзге де қажет құрал-жабдықтар алдық. Енді тиімділігін айтайын, өнім көлемі бірден артты. Бұрын айына ең көбі 3500 тоқаш шығарып жүрсек, қазір кәсіпті кеңейткеннен кейін 15-16 мың тоқаш пісіріп жатырмыз. Негізгі тұтынушыларымыз үлкен дүкендер. Жұмыс қолы жетпей жатыр. Сол үшін жақында 3 адамды жұмысқа аламыз», – дейді Лайра Ұзақова.

Айта кеткен жөн, тамақ өндірісімен айналысатын кәсіпкерлерге тамаша мүмкіндік жасалуда. Қызылорда қаласындағы Сол жағалаудан ашылып жатқан өндірістік аймақта орналасатын кәсіпкерлер кәсібіне қажетті құрал-жабдықтарға «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жеңілдікпен 3 пайызбен несие ала алады.

«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығының
баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: