Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 21:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Аралдық кәсіпкерлер «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысуға ынталы

24.04.2023

560 0

Қызылорда облысына қарасты Арал ауданының кәсіпкерлері «Бір ауыл – бір өнім жобасына» қатысуға ынталы. Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов пен облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Наталья Мишукованың ауданға сапары барысындағы кездесуде айтылды.

Кездесу басталмас бұрын аралдық қыз-келіншектердің қолынан шыққан өнімдерден көрме көрсетілді. Көрмеге Сексеуілдің шұбаты, жылқы етінен жасалған шұжығы, Шөмішкөлдің жүннен жасалған тауарлары, Арал қаласы кәсіпкерлерінің ұлттық нақыштағы бұйымдары мен түйе жүнінен дайындаған көрпелері, түйе, жылқы, сиыр сүтінен әзірлеген өнімдері, түрлі шөптер қосылған сабындар мен кәде сыйлар қойылды.

Шарада Палата басшысы «Атамекеннің» биыл бастаған «Мен кәсіпкер» жобасымен, оның аясында атқарылатын шаралармен таныстырып өтті. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына арналған «Ауыл аманаты» бағдарламасы мен жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несиенің мүмкіндіктерімен бөлісті.

<strong>Аралдық кәсіпкерлер «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысуға ынталы</strong>

Арал ауданында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6062.

«Былтырғы кезеңмен салыстырғанда 50 пайызға өсім бар. Өткен жылдың қорытындысымен бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша 163 аудан мен 37 облыстық маңызы бар қаланың рейтингінде біздің аудан жақсы көрсеткіш көрсетті. Атап айтқанда 200 әкімшілік-аумақтық бірліктің арасында 76-орында. Бұл кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырушы ұйымдардың бірлесе атқарған жұмысының нәтижесі», – деді аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ренат Жанаев.

Облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Наталья Мишукова «Мен кәсіпкердің» «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» бағыты аясында жүзеге асырылатын «Бір ауыл – бір өнім» жобасы жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

«Биыл «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» бағыты бойынша алдымызда ауқымды жұмыс тұр. Кәсіп жасауға ниеті бар белсенді қыз-келіншектерді оқытамыз, бағыт-бағдар береміз. Өнім шығарғанға дейін сүйемелдеп, қолдау көрсетеміз», – деді Наталья Мишукова.

Кездесу соңында жас кәсіпкер Анар Жақан жақында ашқан «Дәстүр» сыйлықтар дүкенінен аралдық қыз-келіншектердің қолынан шыққан өнімдерге арнайы орын бөліп, жергілікті өнім өндірушілерге қолдау көрсететінін жеткізді.

Атап өту керек, жыл басынан бері Арал ауданында жалпы құны 398,5 млн теңгені құрайтын 49 жобаға түрлі қаржы ұйымдары арқылы несие, 30 жобаға 41,4 млн теңге грант берілген.  

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

<strong>Аралдық кәсіпкерлер «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысуға ынталы</strong>

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: