Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендерге бүгіннен бастап өтемақы төленеді

24.01.2022

739 0

Алматыда тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен жеке тұлғаларға өтемақы төленеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Белгілі болғандай, өтемақылар 24 қаңтардан бастап төлене бастайды. Бұл туралы Қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров мәлімдеді.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеровтың айтуынша, төлемдер мемлекеттік органдардың, ауруханалар мен БАҚ тарапынан зардап шеккен 603 қызметкеріне жасалады деп жоспарланып отыр.

Оның ішінде: 592 құқық қорғау органдарының қызметкері, Төтенше жағдайлар Департаментінің бір қызметкері, жергілікті атқарушы органдардың үш қызметкері, «Алматы» телеарнасының бір қызметкері және медициналық ұйымдардың алты қызметкері.

Ауыр дәрежеде зардап шеккендерге 2 млн теңгеден, орташа дәрежеде зардап шеккендерге 1 млн теңгеден, жеңіл түрде зардап шеккендерге 500 мың теңгеден төленеді.

Сонымен қатар, ТЖ кезінде жұмылдырылған 3878 полиция қызметкеріне, 1207 ТЖД қызметкеріне, 3888 қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкеріне, 93 құтқару қызметінің қызметкеріне 100 мың теңге көлемінде қаржылық көмек төленеді.

Айта кетейік, осыған дейін төлемақы 2 миллион теңгеге дейін жүргізілетінін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтқан еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: