Сәрсенбі, 20 қараша, 05:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Жаңақорғанда жаңа жобалар жүзеге асады

29.03.2021

979 0

Биыл Жаңақорғанда бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асады. Мәселен мамыр айында кен байыту фабрикасының құрылыс жұмыстары басталады. Кеніштің жылдық қуаты 4,0 млн. тоннаны құрайды. Ал сәуір айында күн электр станциясы пайдалануға беріледі.

– Жасыратыны жоқ, өндірісі дамыған деген біздің ауданда кейінгі жылдары «КазАтомнеркәсіп» мекемелерінің өнім өндіру көлемі айтарлықтай төмендеді. Себебі, әлемдік деңгейдегі баға саясаты күрт құлдырады. Бірақ біз оларға қарамастан басқа күнделікті тұрмысқа қажетті өндіріс түрлерін жетілдіруді қолға алудамыз. Мәселен, тас, әк өндіру көлемін ұлғайтудың нәтижесінде біршама өсу факторы байқалды. Аудан экономикасында оң нәтиже қалыптасты. Көршілес Түркістан облысындағы қарқынды құрылыс жұмыстарына қажетті инертті құрылыс материалдарымен қоса, басқа да зәру заттардың артуынан өткен жылы әктас өндіру 10 есеге дейін артты, – деді Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов.

Биыл ауданға 61 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылатын болады. Бүгінде керамзиттен кірпіш жасау және блок шығару жобасының құрылыс жұмыстары аяқталды. Өндіріс орны ашылғанда 20 адам жұмыспен қамтылатын болады. Мұнан өзге, биыл құс фабрикасын іске қосу жоспарлануда. Зауыт жылына 3,5 мың тонна құс етін өндіретін болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: