Сәрсенбі, 23 сәуiр, 15:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29, 2142
22.04.2025
PDF мұрағаты

Жаңақорғаннан макарон өнімдері шығып жатыр

23.04.2025

126 0

Жаңақорғандық Еркінбай Шідербаев бірнеше жылдан бері кәсіппен айналысып келеді. Сауда-саттық саласында тәжірибесі мол. Одан өзге отбасылық наубайханасы бар.

Нан өнімдерін дайындай жүріп, макарон өнімдерін шығарып көреді. Қолдан келетін іс екеніне көз жеткізген соң осы салада мамандануды көздейді.

«Нарықты зерттеп көрдім. Халық макарон өнімдерін жиі қолданады. Оны шығаруда тәжірибе де жинадым. Сауда-саттық, әрине, жақсы табыс көзі. Дегенмен өнім шығарудың болашағы бар, әрі мемлекет те отандық өнім шығарушыларға жақсы қолдау көрсетеді», – дейді кәсіпкер.

Ол макарон шығару ісін бастау үшін қаржы іздестіреді. Кәсіпкерлік саласын қаржыландыратын ұйымдардың жұмысымен, ондағы бар бағдарламалармен танысады. Қаржы ұйымдарының ішінде «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығының ұсынған бағдарламасы көңілінен шығып, өтінім береді.

«Жобамды жүзеге асыру үшін макарон өнімдерін шығаратын құрал-жабдық алу керек болды. Керек жабдықты Италиядан таптық. Былтыр қажет қаржыны «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығынан сұратқанымда өтінішімізді жылдам қарап, сұранысымызды қанағаттандырды. Нәтижесінде жоспарлаған уақытында жабдықтарды орналастырып, макарон шығаруды бастап кеттік», – дейді Еркінбай Шідербаев.

Кәсіпкер бүгінде өнімдерін арнайы қаптамамен дайындап, тұтынушыларға ұсынуда. Жоба аясында 5 адамды жұмыспен қамтыды.

«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы директорының орынбасары Досжан Анасбаев макарон өнімдерін тұтыну көрсеткіші елімізде уақыт өткен сайын артып жатқанын айтады.

Жаңақорғаннан макарон өнімдері шығып жатыр

«Өткен жылдың ІІІ тоқсанында макарон өнімдеріне сұраныс елімізде 0,8-2,5 пайыз аралығында өскен. Биыл қаңтар айында Қазақстанда 2,8 мың тонна макарон шығарылған. Басым бөлігі Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары мен Шымкент және Астана қалаларынан шыққан. Біздің облыста бұл сала дамымаған десек те болады. Өңір кәсіпкерлері бұл бағытта қызығушылық танытқан жағдайда қолдау көрсетуге әзірміз», – дейді Өңірлік орталық өкілі.

Айта кету керек, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы биыл да өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларды қаржыландыруға басымдық береді. Ол үшін 1 млрд теңге қаралған. Осы және өзге де бағдарламалар жайлы сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Орталыққа хабарласа аласыздар.

Байланыс телефоны: 8 /7242/ 40-03-60, 40-02-37.

«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығының
баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: