Жұма, 22 қараша, 07:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Жыл басынан бері қазалыда 6 мыңнан астам кәсіпкер тіркелді

04.08.2023

390 0

            Биыл Қазалы ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі – 11,1 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,3 пайызға орындалды. Саланың басым бөлігін құрайтын өңдеу өнеркәсібінің көлемі – 9,9 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 100,1 пайызды құрады. Ал шағын және орта кәсіпкерлік саласында 6 760 кәсіпкер тіркеліп, 27,6 пайызға көбейді. Нақты жұмыс жасап тұрғаны 6 522 бірлік, яғни, белсенділік көрсеткіші – 96,5 пайызды құрады. Бұл туралы Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев хабарлады.

            –Осы жылы аудан кәсіпкерлері тарапынан 4 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өнім көлемі 10,8 пайызға өсті. Жыл басынан бері ауданда жаңадан 8 кәсіпкерлік нысаны бой көтеріп, 28 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етті. Кәсіпкерлікті қолдау шараларына келсек, қаржы ұйымдары тарапынан 247 жоба бойынша аудан кәсіпкерлеріне 2,2 млрд. теңге несие берілді. Бөлшек сауда айналымы 5,4 млрд. теңге болып, 2,6 пайызға көбейді, – деді аудан әкімі Мұхтар Әуезов.

            Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: