Сәрсенбі, 26 қараша, 12:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

Өнермен өрілген өмір: Олжас Нұраліевтің есеп беру концерті өтті

26.11.2025

16 0

Бүгін Өнер орталығында облыстық филармония әртісі, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, әнші Олжас Нұралиевтің ән әлеміндегі 15 жылдық есеп беру концерті өтті.

Олжас Дәулетханұлы 20 жасында филармония әртісі ретінде жұмысқа қабылданып, бүгінде өнер әлемінің бірқатар биіктерін бағындырып үлгерген талантты әнші. Оның репертуарында 15-тен астам ән бар. Мерейтойлық концертте бұл тізім жаңа әндермен толығып, кеш барысында тұсауы кесілді. Сахна серісінің бұл алғашқы жеке концерті емес. Бұған дейін бірнеше рет шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісіп, әр концертінде көрерменнің ыстық ықыласы мен зор қошеметіне бөленіп жүр.

Өнермен өрілген өмір: Олжас Нұраліевтің есеп беру концерті өтті

Жарқын атмосфера мен ерекше драйвқа толы кеште өзінің өмірде де, өнерде де жұбына айналған жары Назыммен бірге өнер көрсетті. Концертте қазақ эстрадасының жас та жаңа буын әншісі Баянсұлу ән шырқаса, “Ai-Aru” заманауи би ансамблі бимен көркемдеп, көрермендердің көңілін бір серпілтіп тастады. Кеш тізгінін ұстаған жұлдызды жүргізушілер, Сыр елінің талантты жігіттері Дастан Рысбеков пен Азамат Нұрмағанбет көрерменнің көзайымына айналып, керемет кештің көркін қыздырды.

Өнермен өрілген өмір: Олжас Нұраліевтің есеп беру концерті өтті

Әсем де әсерлі кешке жиналған көрермен өнер жұлдызына гүл шоқтарын табыстап, естелік суретке түсті.

Концерт режиссері – «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Азиза Іздіқұлова

Өнермен өрілген өмір: Олжас Нұраліевтің есеп беру концерті өтті
Өнермен өрілген өмір: Олжас Нұраліевтің есеп беру концерті өтті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: