Жұма, 07 ақпан, 18:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9,2122
04.02.2025
PDF мұрағаты

Қазалылық кәсіпкер ағаш бұйымдарынан мүмкіндігі шектеулі балаларға ойыншық жасамақ

07.02.2025

8 0

Бүгін сіздерге мамандығын кәсіпке айналдырған азаматты таныстырмақпыз. Қазалылық Ембергенов Талғат көпбалалы әке, негізгі мамандығы дизайнер. Қолына диплом алғаннан кейін білім саласына бет бұрып, балаларға суреттен сабақ беруді, олардың шығармашылығын дамытуға үлес қосуды көздейді. Жұмыс істеп те көреді. Алайда кейін жоспарын өзгертеді. Халықтың арасында сол кезеңде кең сұранысқа ие болған евро жөндеумен айналысады. Бұл салада 10 жылдай еңбек етіп, тәжірибе жинайды.

«Ағаштан түйін түю маған таңсық дүние емес. Атадан келе жатқан мұра. Жай сөз үшін айтып тұрғаным жоқ, шынымен солай. Атам, әкем, әулеттегі ағаларым осы кәсіппен айналысқан. Бала күннен ағаларыма, әкеме көмектесіп, ағашты кәдеге асырудың қыр-сырын көріп өстім. Ағаларымның цехында көмекші болдым, әкем құлпытас жазады. Оған қолғабыс еттім. Соның бәрі бекер болмапты. Евро жөндеумен айналысып жүргенде арзандау бағада ағаштан бұйым жасайтын станоктар алдым. Қазіргі кәсіпке жолым осылай басталды», – дейді Талғат Ембергенов.

Талғатқа кәсібін бастауда, жүргізуде, дамытуда «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы айтарлықтай көмектескен.

«Бастапқыда кәсіпке қаржы тарту оңай болмады. Қаржы институттарының алдында нақты мақсат-мүддеңді дәлелдеу керек. Бұл дұрыс та. «Қызылорда» Өңірлік орталығы 2018 жылы сеніп, бизнесімен алғаш жеңілдетілген несие берген ұйымның бірі. Сенімді кәсіпкер екеніне көздері жеткеннен кейін, әріптестік байланысты жалғастырдық», – дейді кәсіпкер.

Осылайша Талғат Ембергенов одан кейін де Өңірлік орталықтан кәсібін дамытуға бірнеше рет несие алып, аяққа тұрып кетеді. Несие мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдікпен 6 пайызбен берілген.

Кәсіпкер Қазалы ауданында тұрғын үй, ғимараттарға арналған баспалдақтар, түрлі жихаздар шығарады.

«Алғашқыда айына 1-2 тапсырыс қана түсетін. Қазір халықтың бізге сенімі артты. Айына ең кемі 30 тапсырыс аламыз. Бұдан да көп қабылдауға болатын еді, бірақ әзірге бізге тиімсіз болып тұр. Себебі жабдықтарымыз жартылай автоматтандырылған. Бұл жағдайда адам қолы көбірек керек. Ал ол қосымша шығын», – дейді Талғат Ембергенов.

Қазалылық кәсіпкер ағаш бұйымдарынан мүмкіндігі шектеулі балаларға ойыншық жасамақ

Кәсіпкер қазір 8 адамды жұмыспен қамтып отыр. Өнім жасауда жаңа деңгейге шығуды көздеуде. Қазір шығарып жатқан өнімдерімен қоса, ерекше балаларға қажет ойыншықтар жасауды қолға алмақ. Ол үшін алдағы 2 жылдықта құрал-жабдықтарының барлығын автомоттандыруды жоспарлауда.

Ол замандастарын кәсіппен айналысуға шақырады. Өнім шығарып, тұрғындарға жұмыс тауып беру арқылы еліміздің дамуына әр адам үлес қоса алады деген сенімде.

Кәсіпкерлік мақсатта мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдетілген несие алуға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығына хабарласа аласыздар. Байланыс телефоны: 8 /7242/ 40-03-60, 40-02-37.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: