Сәрсенбі, 05 қараша, 12:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Ақпарат – басты ресурс, медиа алаңындағы ашық диалог маңызды

05.11.2025

62 0

Фото: BAQ.KZ архиві

Елордада өтіп жатқан Astana Media Week дәстүрлі медиа апталығының ашылу салтанатында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау сөзі оқылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дәстүрлі Astana Media Week форумы тәжірибе мен ақпарат алмасудың маңызды алаңына айналды. Биылғы медиа апталық осы дәстүрді лайықты түрде жалғастырып отыр. Ақпарат – басты ресурсқа айналған заманда біздің осындай басқосуларымыздың маңызы ерекше. Осындай алаңда ғана біз өзекті мәселелерді ашық талқылап, қорытынды жасап, соның негізінде бизнес пен мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты маңызды шешімдерді талқылай аламыз, – делінген министрдің құттықтауында.

Айтуынша, бүгінде Қазақстан кеңістік пен уақыт тоғысындағы ерекше кезеңді бастан өткізуде.

Мемлекет қоғам мен медиа азаматтардың сұранысына сай елдің алдағы дамуының бағыт-бағдарын айқындап береді. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанды құру ісінде осындай өзара бекем байланыс берік іргетасқа айналуға тиіс» дегені де бекер емес. Қазіргі кезде дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары мен медиа арасындағы бәсекелестік күшейіп отырғаны жасырын емес, – деді Аида Балаева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: