Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Балабақша – бақыт мекені

19.10.2024

601 0

Жақында «Бегім ана» бөбекжай-бақшасында «Мектепке дейінгі ұйым және бастауыш мектеп үйлесімділігі мен қамтамасыз ету» тақырыбында мектеп пен балабақша сабақтастығы жөніндегі дөңгелек үстел өтті.
Оған №264 мектептің бастауыш сынып мұғалімдері мен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің маманы
Зәмзәгүл Жаңабайқызы қатысты.

«Бегім ана» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Жанат Мұханбетқалиева балалардың тәрбиесіне тоқталды.
– Біз балабақшада ең алдымен тәрбиешілерге аса назар аударамыз. Себебі тәрбиешінің міндеті балаға тамақ беріп, ойыншығын қолына ұстатып, ұйықтату емес, тәлім-тәрбие беру. Өткен жылы тәрбие бағдарламасы іске қосылды. Сондықтан мектепке дейінгі ұйым баланың біліміне емес, тәрбиесіне көңіл бөліп, дағдыларының дұрыс қалыптасуына жұмыс істейді. Яғни балабақшада арнайы «Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі» және «Аналар мектебі» бар. Мұның барлығында балаларға еркін ойын ойнау арқылы түсіндіріп, үйретеді, – дейді балабақша меңгерушісі.
Бүгінгі іс-шараның мақсаты мектепке дейінгі ұйым және бастауыш мектеп педагогтарының іс-тәжірибесі барысында үздіксіз кәсіби дамуын жетілдіріп, ұлттық баяндамадағы жол картасын жүзеге асыру және әріптестік-серіктестік ынтымақтастық құру екенін жеткізді.
Балабақша тәрбиешісі Райкүл Аяпова мектепке дейінгі балалармен жұмыс істеу барысындағы басты міндеттерге тоқталды.
– Біздің мақсатымыз – әр баланың қызығушылығы мен қажеттіліктерін ескеріп, олардың физикалық, шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерін және әлеуметтік, эмоционалдық дағдыларын дамыту. Осы 5 дағды баланы мектепке физикалық және психикалық түрде дайындаудың бастапқы мүмкіндіктердің бірі, – дейді тәрбиеші.
Сонымен қатар мектепалды даярлық тобындағы бүлдіршіндердің білім деңгейі, жетістіктері де айтылды. Мәселен бір топта 25 бала болса оның 7-і жоғары деңгейде білімін көрсетсе, қалған 10 бала – орташа, 8 бала төменгі нәтижені көрсеткен. Тәрбиеші осы нәтиже бойынша балалармен жұмыс істейді. Яғни балалардың математика мен логикалық ойлау тұрғысынан төмен екенін біліп, ойын арқылы түрлі жұмыс жүргізген. Нәтижесінде балалар жоғары деңгейден көрініп, 2 бала ғана төменгі деңгейді көрсеткен. Себебі екеуі инклюзивті, ерекше білімді қажет етеді. Тәрбиеші Гүлдана Баймаханованың айтуынша, ерекше білімді қажет ететін балалардың да өзіндік қабілеттері бар. Мысалы, біреуі математикадан жақсы болса, екіншісінің шығармашылыққа жақын екені байқалған.
Шара соңында бастауыш сынып мұғалімдеріне психологиялық тренинг ұйымдастырылды.
Балабақшада балалардың еркіндігі үшін қолайлы жағдай жасалған. Яғни балаларға арналған арнайы дамыту орталықтары бар. Олар «Мульт Time» мультиплекс залы, «Steam»-дамытушы орталығы кабинеті және балалар мобильді кітапханасы. Сонымен қатар «Ұлттық ойын», «Kids city» алаңы да бар. Онда балалар білім мен тәрбие алады. Ол үшін тәрбиешілер апта сайын түрлі тақырып арқылы балаларға өткізілетін сабақты жоспарлап, сол тақырыптың төңірегінде баланың дамуын, тілінің күрмелмей, дұрыс шығуы үшін тәрбиелік мәні бар ойындар арқылы тәрбиелейді. Ал балабақша меңгерушісі атап айтқан «Аялы алақан» аналар мектебінде балалардың анасына түрлі ойындар мен тренингтер өткізілсе, «Тұмар» әжелер мектебінде балаларға ертегілер мен отбасында ұстанатын дәстүрін айтып, құрақ құрайды. Сондай-ақ «Шапағат» әкелер мектебінде түрлі жарыс ұйымдастырылады.

Балабақша – бақыт мекені

Н.Мұқатаева

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: