Сейсенбі, 11 ақпан, 17:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№11,2124
11.02.2025
PDF мұрағаты

Бір ғасырлық атауы бар қала

11.02.2025

39 0

2025 жыл – жалпы қазақстандықтар мен Қызылорда облысының халқы үшін аса елеулі жыл деп есептеуге болады. Бұлай айтуыма себеп-салдар жоқ емес. Олай болса, енді тарихқа жүгінейік. Әңгімені қысқаша әріден бастайын.

Бүгінгі Қызылорда кезінде түрлі қиын­дықтарды басынан өткерген қала. Соған байланысты атауы да бірнеше рет өзгеріске ұшырап отырды.

Бір дерек көздерінде қаланың салын­ған уақыты жайлы екі түрлі болжам-пікір айтылады. Бірінші «Ақмешіт Қоқан хандығының қамалы ретінде 1820 жылы салынған» десе, екіншісі «1817 жылы Сырдария бойында қоқандық қамал Ақмешіт салынды» делінеді. Қамалды орыс генералы Перовскийдің әскері басып алғаннан кейін «Перовск» болып аталған. 1917 жылға дейін қала Түркістан өлкесі, Сырдария облысының уез орталығы болған. Кейін Ақмешіт аты берілген.

Еліміздің сол кездегі астанасы Орын­бордан Ақмешітке көшкеннен кейін 1925 жылы Қазақ АССР-ның кезекті съезі осы қалада өтті. Осы съезде Сұлтанбек Қожанов бастаған зиялы қауым өкілдері бұрынғы қырғыз-қайсақ болып келген Қырғыз Республикасын Қазақ Республикасы деп атауды бірауыздан қабылдады. Бұл өте маңызды іс-шара болды. Екіншіден, Алаш қайраткерлерінің бірі Қоңырқожа Қожықовтың Ақмешіт атауын Қызылорда деп атауға айтқан ұсыныс-пікірінде зиялы қауым бірауыз­дан қолдаған. Міне, еліміздегі ең елеулі тарихи өзгеріске де бір ғасыр – 100 жыл болды. Содан бері қарай Қызылорда қаласы түрлі әлеуметтік-экономикалық қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткерді. Бүгінде білімді де білікті басшылық­тың арқасында аймағымыз республика бойынша барлық көрсеткіштер жағынан алдыңғы қатардан көрінуде. Өсе бер, өркендей бер, Қызылорда!

Қазыбек Әшірбекұлы,

зейнеткер.

Суретті түсірген Н.НҰРЖАУБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: