Сенбі, 28 желтоқсан, 10:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Емдік көрпе тіксем деймін

12.10.2024

384 0

Бүгінде ұлттық киімдерімізге елдің назары түсе бастады. Әсіресе жастар қазақы нақышта ою-өрнекті киім үлгісін брендке айналдырып, тек наурыз мерекесінде оқта-текте киілетін шапан-тақиялар бүгінде дүкен сөрелерінің сәнін келтіруде. Заман талабына сай бейімделіп, ұлттық өнімді жарыққа шығарып, ою-өрнекпен сән беріп, оны кәсіпке айналдырып жүрген Жазира Рамазанның еңбегі ел үлгі ететіндей.
Күнделікті киетін киіміміз арқылы ұлттық болмысымызды айшықтауға болатынын қаперге алған кәсіпкер «QOLONER BREND by Zhazira Ramazan» брендімен түрлі дизайндағы қазақтың ұлттық нақыштағы киімдерін тігуде.

Емдік көрпе тіксем деймін


Биыл қала тұрғыны «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде 1476800 теңге көлемінде мемлекеттік грантқа ие болып, түрлі құрал-жабдықтар сатып алған. Осылайша, ісінің алға басуына серпін берген мемлекеттік бағдарламаның қолдауын сезінді.
– 2-3 ай бұрын грант қаражаты қолыма тиді. Оған тігін мен кестелеу машинкасын сатып алдым. Әлеуметтік кәсіпкер статусын алдым. Бұл кәсіппен айналысқаныма 9 жыл болды. Инстаграм әлеуметтік желісі шыққаннан бері кәсіпті тұрақты жүргізіп келемін. Тұрақты тұтынушыларым өте көп. Ауыл-аймақтарда, басқа қалаларда да өнімдеріме сұраныс бар. 5-6 жылдан бері қалада өтетін қолөнершілер көрмелеріне әр мереке сайын қатысып жүрмін. Мақсатым – ұлттық киімдерді жаңа стильде, заманауи үлгіде жаңғырту. Дизайнын да өзім сызамын. Мұнымен қоса түрлі-түсті әдемі тастардан шашқа тағатын әшекейлер, сәндік бұйымдар жасаймын. Негізі алғашқыда моншақ, алқа тізуден кәсіп бастадым. «Қолөнер шебері емессіз бе?» деп жұрт сол қырымнан мені көп таниды. Түсі, түрі, ою-өрнегі келіскен, сапалы ұлттық киім-кешекке тапсырыс көбіне әлеуметтік желідегі парақшам арқылы қабылданады. Ұлттық киімді фотосессия жасауға немесе мерекелік іс-шараларға киюге жалға беремін. Этностильдегі киімнен бөлек, матадан тігілген сөмке, жастықтардың да түр-түрін тігемін. Бұл өнер менің жаныма шабыт береді. Тігін тігу адамды шыдамдылыққа, сабырға, еңбексүйгіштікке жетелейді. Бала кезден тігуге, тоқуға әуес болдым. Бала арманым орындалып, жүзеге асқанына қуаныштымын. Мемлекеттің беріп жатқан қамқорлығына дән ризамын. Болашақта кәсібімді үлкейтіп, емдік көрпелер әзірлейтін шеберхана ашқым келеді. Ол үшін 5 миллион теңгеге дейін берілетін мемлекеттік грантқа қатысуды жоспарлап отырмын. Бұл мақсатта инновациялық жоба әзірлеп жатырмын, – дейді шебер.

Емдік көрпе тіксем деймін
Емдік көрпе тіксем деймін
Емдік көрпе тіксем деймін

Г.Асқарқызы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: