Бейсенбі, 26 желтоқсан, 12:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Кенеден сақтанайық

16.07.2024

475 0

Конго-Қырым геморра­гиялық қызбасы немесе халық аузында айтылатын «көкала» ауруы – вирустық,  табиғи-ошақтық аса қауіп­ті жұқпалы ауру. Ол трансмиссивті берілу меха­низмімен тарайды. Латын тілінен «геморрагия» сөзін аударғанда «қан кету» деген ма­ғынаны білдіреді. Негізгі қоздырғыш тасымалдаушы – вирусты сақтайтын және вирустың көзі кенелер. Қанды безгек  екі толқынды қызбамен, жалпы уыттанумен және айқын білінетін тромбогеморрагиялық белгісімен, өлім-жітімнің жоғарылығымен сипатталатын жіті вирустық аса  қауіпті ауру.

Ауру жұқтырған кенелер шаққанда  вирус жұғады. Мал қырқу және оларды қолмен кенелерден тазарту кезінде  жұқпаның терінің ашық бөлігіне түсуі, сырқаттың қаны мен қанды жұғындысы арқылы да жұғуы мүмкін.

Сондай-ақ адам бұл  сырқатты күту және оларға медициналық көмек көрсету немесе аталған вируспен зертханалық жағдайда жұмыс істеу барысында да жұқтыруы  мүмкін. Вирустың  берілуін  тоқтату   және   жұқтырудың  алдын  алу  үшін   жабысқан   кенені  мүмкіндігінше  тез  алып  тастау  керек.  Қорғалмаған  қолмен  кенені  ұстау  қауіпті  екенін  есте  сақтаңыз.

Мал қырқымы кезінде  арнайы  сақтану киімін кию, қора тазалағанда, табиғатта демалғаннан  кейін  киімді шешіп мұқият тазалау  қажет. Кенені  теріге жабысқан жерден арнайы қысқышпен алу керек. Кене шаққан жерді спиртпен, йодпен өңдеген жөн. Малды және  мал қораны міндетті түрде залалсыздандыру керек.

Сондай-ақ табиғатқа шыққанда, ашық далада жұмыс  істегенде дененің ашық жерлеріне және киімге кенеге кері әсер ететін немесе оны жоюға бағытталған арнайы сақтану құралын қолдану қажет. 

Егер  сізді  кене  шағып  алса, онда  міндетті  түрде  тұрғылықты  жер бойынша  емдеу  мекемесіне  медициналық  көмекке жүгініңіз.  Кенені еш уақытта қорғау қолғабынсыз  жалаң  қолмен ұстауға болмайды. 

Кене шаққан жағдайда немесе науқас адаммен қарым-қатынаста  болған адамдарға  14 күн обсервациялық  бақылау  парағы  арналып, жалпы жағдайы, дене қызуы, тері жабындысы мен бұлшық еттегі ауырсыну  белгілері тексеріліп, толтырылады. Жаз маусымы бұл жәндіктің қауіпті кезеңі саналады. Кенеден барынша  абай  болайық.

Гүлнұр  Ильясова ,

№3 емхананың  эпидемиолог  дәрігері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: