Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 12:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мейіргерге құрмет

11.05.2024

810 0

Қаладағы №3 қалалық емханасында халықаралық мейіргерлер күніне орай «Біз сіздермен мақтанамыз» атты салтанатты шара өтті.

Жиында «Мейіргер – мәртебелі мамандық», «Мейіргер жұмысындағы коммуникативті дағдылар», «Отбасын жоспарлаудағы мейіргер ісінің маңызы», «Менеджер мейіргер рөлі» тақырыбында баяндама оқылды.
Айта кетейік, мейірімділік символына айналып, ізгі мамандық иесі атанған мейіргер ісі қашанда сый-құрметке лайық. Өйткені тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің тиімділігі көп жағдайда мейіргер жұмысына тікелей байланысты. Науқаспен тығыз байланыс жасайтын мейіргерлер режимнің сақталуын, емнің мезгілінде дұрыс жүруін бақылайды.
Ал ауруханада, күндізгі стационарда емделген науқастардың дәрі-дәрмекті уақытылы қабылдауын қадағалайды, ине шаншып, ота алдында оларға психологиялық көмек беріп, күрделі емдік-профилактикалық шараны жүзеге асырады. Бұл жоғары кәсіби шеберлікті ғана емес, сабырлы болуды және стресс атаулыға төзімді болуды қажет етеді. Олардың жылы сөзі науқастың сауығуына септігін тигізеді.
Мерекелік шарада бірқатар ақ халатты абзал жанға облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «Amanat» партиясының облыстық, қалалық филиалы атынан Алғыс хат табысталды. Басқосуда аға буын өкілдері жас мамандарға пайдалы кеңесін айтты. Психолог Гүлдана Садықова шара соңында тренинг өткізіп, мейіргерлерді бір серпілтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: