Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 14:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі: Құрылыс алаңындағы жұмыс бақылауда болуы керек

06.08.2024

158 0

Құрылысы қарқын алған шаһардағы әрбір нысанның талапқа сай салынғаны маңызды. Мұны қаладағы бірнеше нысанның басына барып, жай-күйін көзбен көрген облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қадап айтты. Әсіресе, абаттандыру жайы күн тәртібінен түспей тұр.

Алдымен жаңа жылу электр орталығының құрылыс алаңына барған аймақ басшысы ондағы жұмыстың қарқынын көрді. Мұнда қазір жер қазу аяқталған, жабдықты орнатуға негіз қалануда. Алаңға 600-ге жуық адам және 60 техника жұмылдырылған. Жұмыс жоспарға сәйкес жүруде. Нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі. «AKSA Energy» түрік компаниясының инвестициясына салынатын жаңа ЖЭО 240МВт электр қуатын өндіре алады. Нысан қазіргі «Қызылорда жылу-электр орталығы» аумағындағы 24,5 гектар жер учаскесінде салынуда.

Мұнан бөлек, сол жағалаудағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен бой көтерген мектептің, жеті қабатты тұрғын үйлердің және оқушылар үйінің құрылысы да назардан тыс қалмады. Мәселен, ұлттық жоба бойынша облыста салынатын 12 300 орынға арналған 21 мектептің биыл 10-ы, алдағы жылы 11-і пайдалануға беріледі. Құрылысы басталатын 11 мектептің жер телімдері белгіленіп, «Самұрық-Қазына Констракшн» акционерлік қоғамына наурыз айында табысталды.

– Құрылыс алаңдарындағы жұмыс күнделікті бақы­лауда болу керек. Сапа бірінші кезекте сұралады, талап етіледі. Жоспарланған жұмыс тиянақты іске асып, белгіленген уақытта аяқталуы тиіс, – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Айта кетейік, өңірде осы 2 жылдың өзінде 4 мыңға жуық пәтер беріліп, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді. Осы жылы бюджеттен тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 34 млрд 100 млн теңге қаралды. Жыл қорытындысымен 2,5 мыңнан астам пәтер беріледі. Ал заманауи үлгідегі 350 орындық оқушылар сарайы «ҚазГерМұнай» ком­паниясының демеушілігімен салынуда.

Аймақ басшысы құрылыс сапасы басты назарда болуы керектігін айтып, сала жетекшілеріне тапсыр­ма берді.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: