Сенбі, 11 сәуiр, 01:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№26 (2238)
11.04.2026
PDF мұрағаты

Оқуға құштар өрендер

11.04.2026

38 0

Ж.Нұрсейітов атындағы №233 орта мектебінде «Кітап оқы, ойға тоқы – Читай и размышляй» атты қазан-сәуір айы аралығында ұйымдастырылған кітап оқу сайысының жеңімпаздары анықталды.

Оқушылардың кітап оқуға деген қы­зығушылы­ғын арттыру, олардың ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын дамыту мақсатында ұйымдастырылған сайысқа әр сыныптан оқуға бейім, белсенді оқу­шылар қатысты. Қатысушылар алдын ала берілген көркем шығармаларды оқып, сол кітаптар бойынша кейіпкерлерге талдау жасап, шығарманың негізгі идеясын аша білді.

Кітап оқу сайысы екі кезең бойынша өтті. Алқашқы кезеңде оқушылар тест тапсырса, екінші кезеңде сұрақ-жауап арқылы білімдерін дәлелдеді. Сайыс барысында оқушылар тапқырлықтарын және шығармашылық қабілеттерін көр­сете білді. Әсіресе, кейіпкерлерге мінездеме беру мен шығарманың тәр­биелік мәнін түсіндіруде ерекше белсенділік танытты.

Сайыс қорытын­дысы бойынша үздік оқу­шылар марапатталды. Бас жүл­деге бастауыш, орта буын және жо­ғары сы­нып оқу­шыларына вело­сипед табыстал­ды. 1, 2, 3 орын иегерлеріне сыйлықтар беріліп, белсенді қатысушыларға мектеп директорының алғыс хаттары табыс­талды.

Бұл іс-шара оқушылардың кітапқа деген сүйіспен­шілігін арттырып қана қоймай, олардың сыни ойлау қабілеттерін дамытуға, өз ойын еркін жеткізуге үлкен ықпал етеді. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар алдағы уақытта да  жалғасын табады.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: