Сенбі, 23 қараша, 18:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қаламгер асуы

15.06.2024

358 0

Теңізбен тағдырлас қаламгер, «Парасат» орденінің, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, қоғам қайраткері, эколог-жазушы, айдынды Арал перзенті Сайлаубай Жұбатырұлының «Топансу жүзін жуған Ұлы дала» атты жаңа кітабы жарыққа шықты.
Кітаптың тұсаукесері мен қаламгердің жетпіс алтыншы жазы қабат келіп, қырғи тілді ақын Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен әдеби-сазды кеш арнайы тақырыптық прологпен басталды. Онда қаламгердің жанайқайы, шиеленісті сезімдері суреттелді.
«Әкімі ақынын іздеген» өңірде қалам ұшындағы өмірді қағаз бетіне түсіріп жүрген Сайлаубай Жұбатырұлын облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Жанұзақов пен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жағыпар Тәжмаханов құттықтап, сый-сыяпат жасады.
Жаңа кітаптың тұсаукесеріне ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағы Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Қаршыға Есімсейітова, ғалым, профессор, философия ғылымдарының докторы Баймырза Қожамберлиев және белгілі журналист, филология ғылымдарының кандидаты, «Әлімсақ» журналының бас редакторы Нұрлан Көбегенұлы қатысып, туындыға пікірін білдірді.
Әдеби-сазды кеште қаламгердің өлеңдері оқылып, толғауы орындалса, қала өнерпаздары әннен шашу шашты.


«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: