Сәрсенбі, 16 сәуiр, 05:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27, 2140
15.04.2025
PDF мұрағаты

Қазақ атауы қайтарылған күн

15.04.2025

297 0

Астананы анықтау жөнінде құрылған арнаулы комиссия Қазақ Автономиялы Кеңестік Республикасының астанасы бо­луға лайық қалалар қатарында Ақмола, Әулиеата, Шымкент, Ақтөбе, Ақмешіт, Ташкент қалалары аталды. Делегаттар тарапынан Ташкент қаласы көп айтылған.

– Мәселен, Сәбит Мұқанов өз баян­дамасында «Қызылорда қаласы өте шағын, тас төселген көшелер мүлде жоқ десе де болады, көшелерде адамдар атпен, түйемен, есекпен жүрген, үйлер балшықтан салынған, әрі бір қабаттан тұрады» деген екен. Осының бәріне қарамастан, 1924 жылғы 27 қарашада Қазобкомның, ал 1925 жылғы 19 ақпанда Қазөлкекомның жауапты хатшысы Сұлтанбек Қожанов астананы Ақмешітке көшіру ниетінен айнымады. Ол Түркістан орталық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып тұрған уақытында 1922 жылғы 12 сәуірде арнайы қаулы шығарып, өзі тарихи атауын қайтарып берген Ақмешіт қаласын ел кіндігі етуге күш салды. «Қазақтың астанасы орыс­тың туы тігілген қалада емес, қаласы жоқтықтан, қазақтың киіз ауылында болса да, қазақ ұлты жұртшылығына жуық болуы керек. 1925 жылдың көктемі мен жазында мемлекеттік басқару органдары Сыр бойына көшірілді. Орынбор шаһары мен губерниясы Ресей Федерациясы құрамына берілді, – дейді экскурсовод.

Тарих беттерінде Қызылорда атауын ұсынған Қоңырқожа Қожықов екені ай­тылады. Әйтсе де, оған қарсы саясаттың күшейгенінен оның сөзі қабылданбайтын болғандықтан, осы ұсынысты мінберде Сұлтанбек Қожанов айтты.

– 1925 жылы 15-19 сәуір аралығында Ақмешітте өткен бүкілқырғыздар кеңесі V съезінің Президиумының көрінісі қазақ кеңестерінің V сьезі болды. Ресей импе­риясы кезінде «қырғыз» деп аталған халық өзінің төл ұлттық атауы «қазақ» қалпына келтірілді. Оған төрағалық еткен Сұлтанбек Қожанұлы күн тәртібіне екі мәселе енгізді де, біріншіден делегат­тардың бірауыздан қабылданған шешімімен ұлтымыздың «Қазақ» деген шын атауы қайтарылды. Екіншіден, «Ақмешіт» қаласының аты «Қызылорда» болып өзгертілді. Ол сөзінде «қызыл» деген сөз большевиктер ұранына сай келеді, ал орда деген ұғым түркі дәуірінен келе жатқан қазақ ұғымы, тарихи түп тамырдың жалғасы дегендей, қазақ халқының мемлекеттілігінің жалғасы, қайнар бұлағы есебінде осы атқа тоқтады. Қоғамдық-саяси жұмысқа белсенді түрде араласып, өлкелік саяси-ағарту жұмыстарына үлкен үлес қосты. Жергілікті жерлерде мектептер, жетім балаларға интернаттар ашылып, қазақ жастарын көбірек білімге тартуға көмек көрсетілді, – дейді А.Кәрбозова.

Дәулет ҚЫРДАН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: