Жұма, 06 желтоқсан, 22:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Су тасқыны: Қорғаныс бөгеттері нығайтылуда

12.11.2024

341 0

Биыл Сырдария өзеніне күткендегіден артық су түседі деген болжам бар. Әзірге болжам болса да, қай мәселеге де ерте қамданғанның тиімділігі көп.

Жақында аймақ басшысы­ның тапсырмасымен қала әкімі Нұржан Ахатов дария бойындағы қорғаныс бөгеттерінің дайынды­ғын көріп, су тасқынын болдырмау жолдарын пысықтады. Жауапты мекеме басшыларына нақты тап­сырма жүктеп, барлық күшті жұмылдыру қажет екендігін ескертті.

Қазірдің өзінде Сырдария өзеніне жоғарыдан жіберілетін судың мөлшері секундына 400 текше метрді құрап отыр. Ма­мандардың айтуынша, бұл аз  су емес. Аяз түсіп, мұз ұстасқанда дария деңгейі шамадан тыс көтерілуі ықтимал. Сондықтан Қызылорда қаласының аумағы бойынша Сырдария өзенінің оң жағалауында 65 шақырым, сол жағалауында 23,5 шақырымды құрайтын қорғаныс бөгетін барынша нығайту қажет. Бүгінде дария бойына кезекшілік қойы­лып, бақылау күшейді.

Оған қоса қала әкімінің орын­басары Ғалымжан Еркебайдың төрағалығымен төтенше жағ­дайлардың алдын алу және олар­ды жою жөніндегі комиссия оты­рысы өтті. Комиссияда 2024-2025 жылдардың қыс-көктем ай­ла­рында су тасқыны қаупін бол­дырмау, алдын алу шаралары қаралды.

– Бірінші кезектегі жұмыс, өткен жылғы су деңгейіне талдау  жасау назарға алынуы тиіс. Екіншіден, су тас­қыны қаупі бар аймақтардың тәуекел дәрежесін нақтылау керек. Үшіншіден, жер қара, күн жылы кезде қам-қаракетті күшейтіп, дамбылар­ды бекемдеуге бел шеше кі­ріскен жөн, – деді Ғалымжан Бақтығалиұлы.

Қазірдің өзінде Сырдария өзе­нінің екі жағалауындағы қор­ғаныс бөгетін барынша ба­қылауға алу қажет. Сол үшін үздіксіз кезек­шілік ұйымдас­тырылып, жағдай жіті қадаға­ланып отыруы тиіс. Бұл жұмыс қолға алынды.

Сонымен қатар комиссия  оты­рысында қала әкімінің орын­басары Ғалымжан Еркебай өзен бойындағы су қауіпсіздігіне жауапты 22 мекемеге уақытпен санаспай, қала аумағындағы қор­ғаныс бөгеттерін күшейтуге жұмылып, қажетті шараларға ат­салысуды тапсырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: