Құрылтай

Сейсенбі, 04 тамыз, 10:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58 (2270)
04.08.2026
PDF мұрағаты

Жи қанша литр «су ішеді»?

04.08.2026

43 0

Жасанды интеллект өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда оны ұқыпты пайдалану жағын ескере бермейміз. Ғалымдар жаңа технологияны пайдалану барысында оның экологиялық құнын ескеру керек екенін айтып жүр. Бір сөзбен айтқанда, жаңа технологияны оңды-солды емес, тек есеппен, ақылмен қолдану керек екен. «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтылмаса керек. Шындығында, жасанды интеллектіні жұмыс барысында пайдаланғанда оған кететін су шығынын ойлай бермейміз. ЖИ суды қалай пайдаланады?

Зерттеушілердің мәліметіне сүйенсек, ЖИ жұмысын дата-орталықтар – мыңдаған сервері бар кешендер қамтамасыз етеді. Бүгінде әлемде мұндай кешеннің саны 11 мыңнан асады, басым бөлігі АҚШ-та орналасқан. ЖИ қолданушылар нейрожеліге сұрақ жіберген кезде оны қуатты графикалық процессор өңдейді. Бұл көп мөлшерде электр энергиясын талап еткендіктен, жылу да сонша мөлшерде болады. Бұл кезде құрал-жабдық қызып кетпес үшін дата-орталықтар салқындату жүйесін. көбінесе булану арқылы салқындату тәсілін қолданады. Яғни су буға айналып, серверлердегі жылуды сыртқа шығарады. Демек, ЖИ-ді пайдалану үшін электр энергиясымен қатар, көп мөлшерде су да керек. Ең көп су ресурсы нейрожелі модельдерін оқыту барысында жұмсалады, алайда бұл жиі жасалмаса да, млн-даған литр су шығындайды. Нейрожелі модельдерін оқудан кейін инфернс кезеңі басталады. Бұл нейрожелі модельдерін оқығаннан кейін сұранысқа жауап беруі. Айта кетерлігі, әр жеке сұраныс көп су шығындамайды десек те, ЖИ-ге минут сайын әлем­нің түкпір-түк­пірінен қанша адам күн сайын бір­неше рет сауал жолдағанда, бұл үл­кен жүктеме еке­ні даусыз. Сонда бір сауалға қанша литр су кетеді? Әдет­тегі дата-орталық күніне 300000 галлонға (1,14 млн литр) жуық су тұтынады. Бұл шамамен 1000 үйдің су тұтыну көлеміне тең. Ал ірі нысандар тәулігіне 5 млн галлонға дейін су жұмсайды. Бұл халқы 50000 адамды құрайтын қаланың су тұтынуымен тең. Айта кетерлігі, бұл электр энергиясын өндіруге және жабдықтарды жасап шығаруға кететін суды есепке алмағанда кететін шығын көлемі екен. Калифорния және Техас университетінің зерттеушілері GPT-3 орташа көлемдегі әрбір 10-50 сұрақ жауабы үшін шамамен 500 мл су жұмсайтынын есептеген. Бұл – серверлерді салқындату, электр энергиясын өндіру кезіндегі жұмсалатын су шығыны.  ЖИ-ге тапсырма күрделі болған сайын, жұмсалатын су мөлшері де көп. Кескіндер мен бейнежазбаларды генерациялау мәтінге қарағанда, есептеу ресурсын көп қажет етеді.

Жалпы ЖИ-ді сәт сайын ойланбай пайда­ла­натындар үшін оған кететін шығынды да білу маңызды. Зерттеушілердің бірі, Калифорния университетінің электр тех­никасы кафедрасының доценті Шаолей Рей технологиялық компаниялар қанша көлемде су тұтынатынын жария етпейтінін айтады. Ғалымның айтуынша, GPT-4  – жабық жүйе. Бұл жүйенің қанша көлемде су тұтынатынын OpenAI  компаниясынан басқа ешкім білмейді. «Егер жаһандық ЖИ-ді бір компания ретінде қарастырсақ, оның 2027 жылғы су тұтыну көлемі сусын шығаратын әлемдегі ең ірі компанияға айналады десек те болады, тіпті Pepsi мен Coca-Cola-ны қосқанда да көп», – деп болжам жасаған.  Ғалым қолданушылар ЖИ-дің экологияға әсерін білгені дұрыс, сол кезде жаңа технологияны ойланып қолдана­ды деп есептейді. Тіпті ғалым-зерттеушінің өзі де бұл тақырыпта зерттеу жасаған­нан кейін нейрожеліні жиі пайдаланбайтын болған. «Ақпаратты алу үшін қарапайым іздеу жүйесін пайда­ланған жөн, сонда электр энергия­сын үнемдейсіз» деген ұстаным­да. Ал  OpenAI бас директоры Сэм Альтман зерттеушілер­дің «ЖИ суды көп тұтына­ды» деген мәлімдеме­лерін жоққа шы­ғар­­ған. Оның ай­туын­­ша, жаңа дата-орта­лық­тар ғалымдар есеп­те­ген­дей мөл­шерде булану арқылы сал­қындату тәсілін қолданбайды. Басылым­дарға берген сұхбатында компания директоры ChatGPT-ге жасалатын орташа сұранысқа шамамен сағатына 0,34 Вт энергияны және шай қасықтың он бестен бір бөлігіндей ғана тамшы су кететінін айтқан. 2025 жылдың тамызында Google өзінің ЖИ жүйелерінің қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы деректерді жариялаған алғашқы ірі компания болды. Компанияның мәлімдемесі бойынша, Gemini-ге мәтіндік сұраныс үшін шамамен сағатына 0,24 Вт энергия  және бес тамшы (0,26 мл) су жұмсалады екен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: