Бүгінде Қызылорда облыстық тарихи–өлкетану музейінде тұрған Газ-24 маркалы «Чайка» автомобилі 1986 жылы арнайы тапсырыспен Ресейдің Новгород қаласындағы «Горький» автомобиль зауытынан шыққан.
– Қызылорда облысының халық шаруашылығындағы ең жоғары көрсеткіштері мен Еңбек адамдарының қажырлы еңбектерінің нәтижесінде КСРО бойынша 1986 жылы арнайы тапсырыспен не бары төрт дана етіп шығарылған «Чайка» көлігінің біреуі біздің аймаққа бұйырады. Бұл көліктің келуіне облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған Виталий Брынкинге тапсырылады. Көлікті алып келуге бірнеше облыс басшыларының көлік жүргізушісі қызметін атқарған Бауыржан Успанов Мәскеу қаласына аттанып, генерал Максимовтің қолынан қатар тұрған 4 көліктің біреуін алады. Бірнеше күннен кейін көлік Байқоңыр қаласы арқылы Қызылорда қаласына әкелінді. Әрі қарай бұл көлікті түрлі мақсаттағ ыжұмыстарға пайдаланбай, сол қалпында 2005 жылы Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорына сый ретінде тапсырылды, – дейді музей қызметкеріАсхат Сайлау.
Биылғы Наурыз мерекесінде қырық жыл сақталған құндылық «Magnum» сауда орталығының алдына қойылды. Тұрғындар зауыттан шыққан күйде сақталған тұлпардың жанына суретке түсіп жатты. Дарын Айтөреев те бүгінгі Наурыз тойының салтанатынан кейін сауда орталығына келе жатып, осы автокөлікті көріп, таңырқағанын айтады.

– Әрине, қанша жылдық тарихтан хабар беріп тұр. Уақытпен дәлелденген бұрынғы автокөліктердің сүйегіо сындай мықты болады. Кейін ғой, тіпті материалдан да үнемдеп, ұзаққа бармайтын автокөлік шығаруға шебер болып алды. Қасына келіп, суретке түсіп алдым. Әжептәуірлимузинге де ұқсайды. Ішінде отырған адам қысылып-қымтырылмай, емін-еркін отыратыны ұнады. Осындай құндылықпен бетпе-бет келіп, көруге мүмкіндік сыйлаған музей қызметкерлеріне рахмет, – дейді ол.
Көліктің жанына естелік суретке түсіп жатқан халықтың қарасы қалың. Иә, жылы көнерген сайын мұндай құндылықтардың қадірі де арта түседі.
Дәулет ҚЫРДАН,
СуреткетүсіргенНұрболат НҰРЖАУБАЙ
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!