Бейсенбі, 26 желтоқсан, 15:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Балаңа мұра қалдырғың келсе, өнер үйрет

27.02.2024

597 0

Соңғы жылдары ұлт мұрасы ұрпақтар сабақтастығында көрініс тауып келеді. Қызылордалық Бегдат Жақып – қолөнер, ұсталық пен зергерлікті атадан балаға мирас етіп келе жатқан кәсіпкер. «Әулетімізде бұл өнер төртінші ұрпақ ретінде маған жалғасқан. Өтеу, Жақып, Нақып деген аталарымыз қолөнерлікті кәсіп еткен. Әкемнің есімі – Әліп. Ұсталықты да, зергерлікті де бала кезімде әкемнен үйренгем.

Кеңес үкіметі кезінде ұлттық дүниелердің бәрі жатық боп кетті. Зергерлер сол кезеңде халық жауына айналды. Бабаларымның тығылып, ешкімге көрсетпей жүрген өнері маған қанмен дарыған екен» дейді зергер.

Айта кетейік, ассортиментте белдік, зергерлік бұйымдар, саз балшықтан жасалған дүниелер бар. Ұлттық бұйымдарды жасауға арналған күмісті жан жақтан, соның ішінде банктерден немесе Астана қаласынан арнайы ресми дүкенінен сатып алады екен. Ұстаның ұсталық пен зергерлік жұмыстарының басы қасында болатын қолғанаты, көмекшісі – ұлы. Өзінің айтуынша, әкесінің жанында жүріп қолөнерге қолы біраз жаттығып қалғанмен, студент болғандықтан шеберханада отыруға қолы бос бола бермейді.

– Тұрақты тұтынушыларым көбеюде. Бұрынғымен салыстырғанда қазір тапсырыс берушілер мен қызығушылар саны артқан. Тіпті қазақстандықтар ғана емес, басқа жақтан да тапсырыс беріп жатады. Мәселен, қамшыны көбіне әйел адамдар сатып алады және тапсырыс береді. Жалпы оны үйіне іліп қою үшін алып, киелі зат ретінде қарайды. Қамшының бөліктерінің бәрі табиғи өнімдерден жасалады. Үшқоңыр ауылының тобылғысы мен бұқаның қайысынан құрастырамын. Ал зергерлік бұйымдарға қажет күмісті жан жақтан алдырамын.

Сазсырнайдың сазы – өзіміздікі. Керамика, яғни, қыш материалымен бұйым жасайтындар топырағын Өзбекстаннан, Алматыдан алдыратын. Мен Сыр елінің балшығын пайдаланудамын. Сазсырнайды, үскірікті көбіне кішкентай балаларына ойыншық ретінде тапсырыс береді. Мысалы, үскірікпен ойнауға, әуен шығаруға жоғары музыкалық қабілеттің қажеті жоқ. Телефонға үңіліп, дүкеннің пластмасса ойыншықтарына таңданбайтын балаларға ойын ретінде де, зейіні мен музыкалық қабілетін дамыту үшін де үскірік таптырмас құрал болмақ. Әсіресе, соңғы кезде үскірікке тапсырыс беретіндер қатары артуда. Балам дамысын деген жас атааналар жақсы таңдау деп ойлаймын, – дейді ұста.

Қолөнерші кәсіпкердң ұсталық пен зергерлікпен айналысып жүргеніме биыл отыз үш жыл толыпты. Жан жақтағы қолөнер саласының жаңалықтарына құлақ түріп, түрлі қалаға, әр қилы көрмелерге барып, халықаралық. республикалық көрмеден ұлттық бұйымдары орын алатын ол жыл өткен сайын тұтынушының талғамы нені талап ететінін, қандай зат сұраныста екенін біліп жүретінін айтады. Тіпті қолөнер бұйымдарын жасауға тың идея, жаңа өзгерістер де осындай қолөнершілердің басы қосылатын көрмелерден кейін туындайды екен. «Адамда арман азайған ба? Жасымыз келген сайын ата-бабамнан мұра боп қалған қолөнерді өзім де ұрпағыма, жастарға дарытып, шәкірт тәрбиелегім келеді. Қолөнер, осы ұлы өнер үзілмесе екен деймін. Әкеден балаға қалатын байлық пен мұра – ақша емес, өнер мен тәрбие болуы керек» дейді ол.

Аделина Рахман

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: