Сейсенбі, 11 ақпан, 17:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№11,2124
11.02.2025
PDF мұрағаты

Найзағай тағдыр көрерменге жол тартты

11.02.2025

21 0

Островскийдің «Найзағай» драмасы қиын тағдырмен бетпе-бет келген әйелдің махаббатқа толы ғұмырын бейнелейді. Бұл драма қорғансыз қалған әйелдің махаббат хикаясына құрылған. Аталған драма Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының биылғы маусымының премьерасының шымылдығын түрді.

Драмадан бұрын әуелі брифинг өтті. Жиынға Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының режиссері, халықаралық, республикалық фестивальдердің лауреаты Дина Жұмабаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Залипа Төлепова  және  мәдениет саласының үздігі Сырым Әбдіразақов қатысты. Режиссер Дина Жұмабаева қойылым жайлы және дайындық барысындағы қызықты оқиғаларды айтты. Ол әйел тақырыбындағы қойылымдарды неліктен жиі таңдайтындығына тоқталды.

– Мен өзім әйел болғандықтан, бұл тақырып маған өте жақын және әйел тағдырын іштей сезінемін. Сондай-ақ комедия жанрына баруға қорқамын. Себебі қолыңнан келмейтін істі жасағаннан, қолыңнан келетін іспен айналысқан дұрыс деп санаймын, – деді режиссер.

«Найзағай»  – үміт пен арманға толы нәзік жан­ның жүрекжарды тарихы. Жарық пен ерік-жігерді армандайтын жас әйел бостандыққа ұмтылады.  Алай­да оның жолы ауыр шешімдермен толығып, қатал күндерге әкеп соғады. Бұл жол оның жан дүниесіне жазылмас жара салды. Өмірдің қатал сынағы оған рухани ауыртпалық әкелгенімен, жаңа күш пен жігер табуына әсер ете ала ма?

Қойылым барысында көрермендер басты кейіп­кердің жан дүниесін барынша сезініп, кейіпкермен бірге толқып отырды. Оның ішкі жан дүниесінде болып жатқан алай-дүлейін, қайғы-қасіретін шынайы қабылдады. Басты кейіпкер өзінің күйеуіне опасыздық жасағанын және оның күнә екенін білсе де махаббатына қосылуды қалады. Бірақ соңында жүрекке түскен ауыртпалық басты кейіпкерді өлімге итермеледі. Қойылымдағы нәзік сезім, кейіпкердің бойындағы қорқыныш пен ауыртпалық көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Тоғжан КАМАЛ,

Гүлжайна ӘБДІЛЛАЕВА,

Қожа Ахмет Ясауи атындағы

Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: