Жұма, 27 желтоқсан, 02:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Тағылымы мол білім ордасы

05.11.2024

737 0

Ұлттың  рухани байлығы – білімде, ұстанар бағыты – тәрбиеде, ал білім мен тәрбиенің сарқылмас бұлағы – мектеп. Осындай жауапты саланың жүгін арқалап, талай өренді қияға қанат қақтырған білім ордасының бірі – Сәкен Сейфуллин атындағы № 4 ІT мектеп – лицейінің құрылғанына биыл 60 жыл.

Өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып, тәрбие-тағылым беруде алдыңғы орындағы білім ордасы өзінің 60 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтті. Салтанатты шараға мектептің ардагер ұстаздары мен түлектері  қатысты.

Тағылымы мол білім ордасы

Мерекелік басқосу ардагер ұстаз Бақыт Ерескенқызының «Алтын ұя мектебіме – 60 жыл»  атты кітаптың тұсаукесерінен басталды. Сондай-ақ тағылымы мол тарихи мектептің түлегі, бүгінде елге белгілі белгілі кәсіпкер Сапар Рахменшеев білім ордасының 60 жылдық мерейтойымен құттықтап, оқушы кездегі естелігімен бөлісті.

– Ең алғаш 1981 жылы мектеп табалдырығын аттадым. Ол кезде сынып жетекшіміз Саракүл апайымыз еді. Бір сыныпта 43 бала оқыдық. Қазір бәрі де еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет істеп жүр. Оның ішінде медицина, ғылым саласында және құқық қорғау органында жұмыс істеп жүргендер де бар, – дейді Сапар Рахменшеев.

Елге танымал әнші Мәдина Садуақасова да осы мектептің түлегі екен.

– Осы мектепте білім алдым. Ол кезде мектеп директоры  Наталья Бақтиярқызы болды. Бүгін алғаш музыка пәнінен берген  Марал Бисенғалиқызын көрдім. Бұл жер мен үшін ерекше ыстық. Өйткені мені тұлға ретінде қалыптастырды. Алғашқы сахнам да осы мектептен басталды. Ал 1992 жылы мектеп атынан конкурсқа қатыстым, – дейді Мәдина Сәдуақасова.

Мұнан соң мектептің 60 жылдық тарихынан сыр шертетін мұражайдың ашылу рәсімі өтті. 

Айта кетейік, Сәкен Сейфуллин атындағы №4 орта мектеп 1964 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілген. 630 оқушыға арналған мектептің алғашқы директоры – Қасымбек Ыбыраев. Сол кезде  мұғалімдер №171 Ғ.Мұратбаев атындағы қазақ орта мектебі мен №3 Ворошилов атындағы мектептерден  жаңа мектепке ауысып,  алғашқы педагогикалық ұжым жасақталып,   барлық  педагогикалық жаңашыл тың  идеялар мен бастамалар жүзеге асты. Осылайша Қасымбек Ыбыраев   басқарған жылдары  №4 мектеп республика көлеміндегі белгілі білім ордасына айналды.

Мектеп 2000 жылға дейін орыс-қазақ аралас мектебі болса, 2000-2001 оқу жылынан бастап білім ордасы  қазақ мектебі болып бекітілді.             

60 жыл ішінде білім ордасы талай дарынды жастар­ды тәрбиеледі. Олардың жетістіктері – мектептің беделі, ұстаздарының абыройы. Мұғалімдердің еңбектері еленіп, үздік ұстаздар облыс және қала әкімінің грантын иеленіп келеді.

2019 жылдан бастап С.Сейфуллин атындағы орта мектеп «Ақпараттық технология мектеп-лицейі» ста­тусына ие болды.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жал­ғасты.

Н.Мұқатаева

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: