Жұма, 27 желтоқсан, 19:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Тапсырма дер кезінде орындалуы тиіс

19.10.2024

636 0

Берілген тапсырма дер кезінде әрі сапалы орындалуы керек. Қала әкімі Нұржан Ахатовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде осы мәселеге басымдық берілді. Ел сенім артып, мұң-мұқтажы мен өтінішін жолдап, үміттенеді. Әйтсе де «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі мен «Таза Қазақстан» телеграм бот арқылы жолданған өтінімдер қалай орындалуда? Жиында шаһар басшысы мұның барлығы тап-тұйнақтай болуы керек екенін қатаң ескертті.

Қызылорда бірнеше жылдан бері құрылыс алаңына айналған. Өңірде көптеген әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде. Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Жеңіс Файзуллаев салада атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Биылға бөлінген қаражатқа тұрғын үй құрылысы, электр желілері, ауыз су жүйесі мен кәріз желілерін қайта жаңғырту, елді мекендерді газдандыру сынды жұмыстар жүргізілуде. Айта кету керек, биыл «Газ тасымалдау жүйесін дамыту» бағдарламасы шеңберінде Сабалақ елді мекеніне газ тарту жобасы бойынша жұмыс басталды. Жобаны 2025 жылы аяқтауға энергетика басқармасына бюджеттік өтінім толықтай жолданған. Сондай-ақ, қаладағы орамішілік газ құбырлары желісін салу мақсатында «Гагарин», «Титов», «СПМК-70», «Арай», «КБИ», «Сәулет», «Саяхат», «Бәйтерек», қала орталығы мен «Шұғыла» шағын аудандарындағы газ құбырлары жүргізілмеген көшелерге газ тартуға қаржы қаралып, мердігер анықталды. Ендігі ретте, қалаға қарасты елді мекендерден Қызылөзек ауылдық округіне газ жүйесін тартуға жобалау жұмыстары басталмақ.
Сырдың бас қаласында биыл жол жөндеу жұмыстары да көш ілгері. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтанов биылға қаламыздың жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында құны 22 млрд теңге болатын 70 жобаны жүзеге асыру жоспарланғанын айтты. Оның ішінде, Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздікке – 25 жыл даңғылына дейінгі жаңа жол пайдалануға берілді. Жаппасбай батыр көшесі және Е.Көшербаев көшесі кеңейтілді. Тәуелсіздікке – 25 жыл даңғылы бойындағы «Қызылжарма» каналы арқылы өтетін автомобиль көпірінің құрылысы, сондай-ақ, Яссауи көшесін, Тәуелсіздікке – 25 жыл даңғылын және «Самара-Шымкент-Қызылорда» аудандық маңызы бар автомобиль жолын кеңейту қолға алынған.
Сонымен қатар, мүлдем жол құрылысы жүргізілмеген 15 көшеде тас жол құрылысы аяқталса, 35 көшедегі жүргізілген орташа жөндеу жұмыстарынан бөлек, қосымша 11 көшеге жол жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылды. Қаламыздың шет аймақтарында қамтылған 107 көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жоба әзірлеу жоспарлануда.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: