Бейсенбі, 26 желтоқсан, 13:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Теңгенің орны төрде болсын!

16.11.2024

320 0

Ұлттық валютамыз – теңгенің қолданысқа енгеніне отыз жылдан асты. Осы жылдардың ішінде теңгенің басынан сан түрлі жағдай өтті. Бірде жоғары, бірде төмен бағыт алып, экономиканың деңгейін байқатты.

Өз алдына еншісін алып, Одақ құрамынан шыққан Қазақстан екі жыл бойына ресейлік рубльді қолданған еді. Әйтсе де жағдай күн санап шиеленісе түсті. Қап-қап ақшаға түк ала алмай, қиналған елдің жағдайына елеңдеген билік бұлай жалғаса бермеу керегін түсінді. 1993 жылдың 12 қарашасында ел Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығымен теңге өмірге келген еді. Ал 15 қарашада теңге толық қолданысқа енді.
Теңге дизайнын әзiрлейтiн арнайы мамандар тобында Тимур Сүлейменов, Меңдiбай Әлi, Досбол Қасымов, Ағымсалы Дүзелханов пен Хайролла Ғабжәлел болды. Ең алғашқы теңге Англиядағы «Harrison&sons» компаниясында басады. Сол алғашқы теңгелер бүгінде мұражайда сақтаулы.
Теңге тарихында ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бейнесі бедерленіп, қағаз ақша ретінде де жұртшылықтың есінде қалды. Құрманғазы мен Сүйінбей, Абай мен Шоқан, Әбілхайыр мен хан Абылай да теңгенің ұлттық болмысын айшықтай түскен еді. Бүгінде банкноттардың өзгеруі жиілей түсті.
Еске салатын жайт, теңге қолданысқа енгенде АҚШ доллары бес теңгеге жетер-жетпес еді, қазір 500 теңгеге бір қадам қалды.
Туған күніңмен, теңге!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: