Сенбі, 11 сәуiр, 01:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№26 (2238)
11.04.2026
PDF мұрағаты

Тұрғындар өтініші жауапсыз қалмайды

11.04.2026

29 0

Қала әкімі Нұржан Ахатов және қалалық мәслихат төрағасы, партия филиалының жетекшісі Ибадулла Құттықожаев AMANAT партиясының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға алдын ала 40-қа жуық азамат тіркелген. Келушілер негізі­нен тұрғын үй кезегі, коммуналдық қызметтерге қол жеткізу және жұмыс­пен қамту мәселелерін көтерді.

Қала басшысы әрбір тұрғынның өтінішіне мұқият назар аударып, заң аясында түсіндірді. Қабылдау барысында айтылған мәселе­лердің басым бөлігі кезең-кезеңімен шешімін тауып келе жатқаны атап өтілді. Сонымен қатар тұрғындар айтқан  әрбір мәселе бойынша жауапты сала басшыларына нақ­ты тапсырма жүктеліп, бірқатар жұмыстың орындалу мерзімі белгіленді.

Айта кету керек, тұрғындар қала әкімінің қабылдауына eGov порталы арқылы, сондай-ақ e-Otinish базасы не­месе әкімдікке барып жазбаша өтініш қалдыру арқылы жазыла алады.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: