Бейсенбі, 26 желтоқсан, 01:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жеңіс жалауын  желбіреткендерге құрмет

04.05.2024

581 0

Сурет: egemen.kz

Жеңіс күні жақын. Осыған орай облыстағы 4 соғыс ардагеріне 1 млн 606 мың теңгеден төленсе, облыс әкімінің қолдауымен тағы да 904 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек берілмек. Осылайша, соғыс ардагерлеріне

2510560 теңгеден берілетін  болды.

Бұл туралы өңірлік коммуникация орталы­ғында брифинг берген облыс­тық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов пен облыстық жұмыс­пен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдар­ламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев мәлімдеді.

А.Есмахановтың айтуынша,  аймақ басшы­сының қатысумен  7 мамыр – Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесіне орай еске алу митингісі өткізіліп, Тағзым алаңына гүл шоқтары қойылады. Салтанатты мереке құрметіне «Жеңіс лентасы» таратылады. «Ардагерлерді ардақтайық» тақырыбында азаматтық қоғам өкілдері мен белсенді жастардың қатысуымен ардагерлер мен қарттар үйлерінің аумағына, жалғызбасты қариялардың ауласына тазалық акциясы  ұйымдастырылады. Бүгінде көзі тірі  4 соғыс ардагеріне ерекше құрмет көрсетіліп, құттықтау хат табысталады.  Олардың өміршең ерліктері кеңінен насихатталады.

Ал білім беру ұйымдарында мереке қар­саңында Халық қаһармандары Рахымжан Қошқарбаев пен Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай танымдық шара, соғыс ардагерлері мен бейбіт күннің батырларының қатысуымен кездесу  өткізілмек.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаевтың мәлімдеуінше, бүгінде аймақта екінші дүниежүзілік соғыс арда­гер­лері мен оларға теңестірілген 3843 ардагер бар.

– Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 2510560 теңгеден төленеді. Соғыс жылдарын­дағы тылдағы жанқиярлық еңбегі  және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы­ның ордендерімен және медальдарымен ма­рапатталған ардагерлерге – 221,5 мың теңгеден, соғыста қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің жұбайларына – 147,6 мың теңге, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында тылда кемінде алты ай жұмыс істегендерге  – 147,6 мың теңге, Ауған соғысының қатысушы мен мүгедектеріне – 147,6 мың теңгеден төленді. Бұған қосымша Ауған соғысының 35 жылдығына орай жергілікті уәкілетті органдардың шешімімен 36,9 мың теңгеден қосымша бір реттік әлеуметтік көмек тө­ленбек. Мұнан бөлек, екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілгендерге 147,6 мың теңге, басқа мемлекеттердің аумақта­рындағы ұрыс қимылдарына қатысқан арда­герлерге 147,6 мың теңгеден, Чернобыль, Семей, Ауғанстанда немесе басқа да  ұрыс қимыл бол­ған басқа да мемлекеттерде қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына біржолғы әлеу­меттік көмек  төленді, – деді басқарма басшысы.

Г.АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: