Дүйсенбі, 14 сәуiр, 23:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№26,2139
12.04.2025
PDF мұрағаты

Жұмысшы мамандықта мүмкіндік көп

08.04.2025

831 0

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында биыл агро-индустриялық жобаларға қажет мамандар даярлау үшін мемлекеттік тапсырыс саны 5308 орынға дейін ұлғайды. Әрине, бұл өз кезегінде өндірістегі маман тапшылығын жоюға үлкен ықпал болары сөзсіз.

С.Ықсанов атындағы Қызыл­орда ІТ техникалық жоғары колледжі жұмысшы маман­дықтар жылына тың баста­мамен кіріскен. Биыл оқу орнына әрбір мамандыққа сай жаңа техникалар алдырылуда. Колледждің материалдық-тех­никалық базасы нығайтылып жатыр. Техник-механик, техник-слесарь, химиялық лаборант, дәнекерлеуші тәрізді мамандық даярлауда ұстаздар алдыңғы қатарда келеді. Шәкірттерінің өзі шыңға шығып, өз ісінің майталман мамандарына ай­налған.

– Мың рет естігеннен, бір рет көрген жақсы. Студенттеріміз­дің әрқайсысы өз мамандығы жайлы білсін, көзбен көрсін деп өңірдегі зауыттар мен фабрикаларға, мекемелерге апарып жүреміз. Тіпті өндірістік тәжірибеден өту дегеніңіз қазір біздің шәкірттеріміз үшін жұмысқа дейінгі сынақ тәрізді. Тыңғылықты дайындалып, өз­дерінің мамандыққа деген құр­меті мен ықыласын танытып жүр, – дейді оқытушы Самат Мұқанов.

Ашығын айту керек, қазір күріш зауытының өзінде иығына қап салып, арқалап бара жатқан жұмысшыны көрмейсіз. Бар­лық жұмыс автоматтандырылған. Тетік арқылы басқарып отырған оператордың жұмысына бай­ланысты. Ал көлікке жүк артуда тағы да арнайы техника көмекке келеді. Қазір оқу орны мұндай бағыттың әрбірін студенттерге тәптіштеп түсіндіріп, аралап көрсетіп жүр.

– Әрине, автоматтандырыл­ған жүйеде жұмысшыға жағдай жасалған. Қазір біздің өзіміз­де арнаулы мекемеде­г­ідей жағдай бар. Іште сабақ барысында студентке түсінді­ретін, қолмен ұстатып, көзбен көрсететін құрылғылар жетер­лік. Мысалы, бір ғана дәне­кер­леуші мамандығын алсақ, металды кесіп, тесіп, дайын­дап, тіпті ою да сала алатын деңгейдегі дәнекерлеу аппа­раттары қолданыста. Қазір әрбір мамандықтың арнаулы кабинеті жасақталған, студент толыққанды маман болып шығады, – дейді Самат Күзембайұлы.

Абай Бекмырзаұлы бұрын қаладағы кәсіптік лицейлердің бірінде білім алған. Десе де ол мамандықпен жұмыс істемейді. Ол қазір де дәнекерлеуші мамандығы бойынша еңбек етіп жүр.

– Рас, өмірден өз жолымды табамын деп бірнеше мамандық­ты ойладым. Алдымен құрылыс­шы мамандығы бойынша білім алдым. Бірақ дәнекерлеу ісіне қызығушылығым ауды. Кейін қайтадан құжат тапсырып, дә­некерлеу ісі бойынша білім алдым. Қазір отбасымның нә­пақасын осы саладан тауып жүрмін. Қызығушылығың бол­са, бәрі де қолдан келеді. Ал қазіргі таңда сол біз оқыған оқу орындарында жасалып жатқан жағдайды көргенде қайтадан оқығың келеді. Біз жұмыс барысында қолға ұстап көрмеген құрал-жабдықтар бү­гінгі сту­денттің алдында тұр. Олар қандай бақытты, – дейді ол.

Жұмысшы мамандықтардың қоғам үшін маңызы зор. Көптің қолынан келмейтін іс осы кісі­лердің құрыш қолымен бітіп жатыр. Зәулім ғимараттардың қасбетінен бастап, ішкі жаб­дықтарына дейін сіз осы кісі­лердің көмегімен қол жеткізесіз.

Аян СПАНДИЯР

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: