2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және Мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді.
⠀
Қызылорда облысының әкімдігі сайлаушылар тізімінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында Saylau.orda.gov.kz сайтын іске қосты.
⠀
Saylau.orda.gov.kz сайтында өзіңіздің жеке сәйкестендіру нөміріңізді (ЖСН) енгізе отырып, «Өзіңді табу» батырмасымен қай сайлау учаскесінен дауыс беретініңізді, сондай-ақ сол сайлау учаскесінің қай мекен-жайда орналасқанын (Google картадан) көре аласыз.
⠀
Сонымен қатар, «Smart Qyzylorda» мобильдік қосымшасындағы «Сайлау учаскесі» категориясынан өзіңізді сайлаушылар тізімінен тексере аласыз.
Егер Сіз өзіңізді сайлаушылар тізімінен таппасаңыз немесе тіркелген мекен жайыңыз көрсетілген сайлау учаскесінің шекарасында болмаса, сайтта өтінім қалдыра аласыз немесе тұрғылықты мекен-жай бойынша сайтта көрсетілген нөмірлерге, сондай-ақ 400-200, 109 (қоңырау шалу тегін) Call-орталықтарына хабарласа аласыз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!