Сейсенбі, 15 сәуiр, 14:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27, 2140
15.04.2025
PDF мұрағаты

«Әлеуметтік желіден естідім»: Сәкен Майғазиев ұлының үйленуіне қатысты пікір білдірді

11.04.2025

347 0

Фото: democrat.kz

Танымал әнші Сәкен Майғазиев ұлы Әділеттің үйленуіне қатысты ойын айтты.

Айта кетейік, желіде Әдия Мәулен есімді ару әншінің ұлымен жұп болып жүргендерін салған еді.

“Той тойға ұласа берсін! Жақында Жанар Айжанова апамыз Айжұлдызды ұзатпақ. Ол кезде Нұржан Төлендиев келін түсіреді. Бізді сол жаққа шақырып қойды. Екеуі қатар келіп тұр. Біздің үйде де тойдың ауылы алыс емес. Әлеуметтік желі шулап жатыр екен. Динара екеуміз де жаңалықтардан білдік. Ағайын-туыс бізге хабарласып, құттықтап жатыр. Тойда жолығайық”, – деді әнші.

Еске салайық, Әділет Майғазиевтің таңдауы жаңаөзендік аруға түскен.

“Әділетпен араласып жүргенімізге 9 ай болады. Бір-бірімізді 3-4 жылдан бері танимыз. Жасым 20-да. Жас айырмашылығымыз – 6 жас. Жаңаөзенде туғанмын. Кейін Ақтау қаласына көштік. Қазір Алматыда тұрып жатырмыз. Мамандығым – қонақүй бизнесі. Колледж бітіргенмін”, – деген еді болашақ келін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: