Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 15:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Әнші Сейфуллин Жолбарыс өзінен 15 жас кіші екінші әйелімен ажырасып кеткен

18.11.2024

374 0

Фото: instagram.com/s_zholbarys_official

Танымал әнші Сейфуллин Жолбарыс пен әйелі Екатерина Жолбарысова 2 жыл бұрын ажырасып кеткендерін растады, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Әнші Сейфуллин Жолбарыс әлеуметтік желідегі парақшасында әйелімен 2 жыл бұрын ажырасып кеткенін жазды.

«Өзара ортақ шешімге келіп, біз екеуміздің екі жыл бұрын ажырасқанымызды растаймыз. Еш өкпесіз, бір-бірімізге алғыс айта отырып, қыздарымызға жақсы әке мен жақсы ана болуға тырысамыз. Журналистер және өзге адамдардың артық сұрақтар қоймауын сұраймыз 🙏🏼», -деп жазды Сейфуллин Жолбарыс.

Еске салайық, бұған дейін Екатерина Жолбарысова Сейфуллин Жолбарыспен қалай танысқанын айтқан болатын.

«Ол менен 15 жас үлкен ғой. Алғашында қашып жүрдім. Жақын тани бастаған соң ой-өрісін көріп, екеуміз тіл табысып кеттік. 8 жылдан кейін үйлендік. Ал таныстығымызға бір жылдан соң бірге тұрдық. Ол кезде ажыраспаған кезі еді. Кейін ажырасты. Бастапқыда «отбасыңыз бар, ұят болады» деп айтқанмын, бірақ ол «сен болмасаң да, бәрібір ажырасамын» деп айтты», – деді ол. 

Алайда жақында әнші Сейфуллин Жолбарыстың әйелі Екатерина Жолбарыс күйеуімен түскен суреттерімен мұңды жазба жариялады. Желі қолданушылары екеуінің ажырасып кеткенін болжаған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: