Танымал әнші Айқын Төлепберген «Замандас» подкастына берген сұхбатында бірінші әйелі жайлы сөз қозғады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші Айқын Төлепберген бір кездері бірінші әйеліне тұрмысқа шығуға тыйым салғанын растады.
«Бір кездері тұрмысқа шығуға тыйым салдым. Уақыт өтсін, балалар өссін дедім. Қазір тыйым салмаймын, тұрмысқа шыға берсін. Қарым-қатынасымыз жақсы. Ол өте ақылды әйел», – деді әнші.
Еске салайық, әнші Айқын Төлепберген бірінші әйелімен ажырасып, әнші әрі актриса Жұлдыз Өмірғалиге үйленді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!