Бейсенбі, 21 қараша, 21:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Актер Айдар Асқарбек Аша Матай үшін төбелескен

27.10.2023

633 0

Айдар Асқарбек. Видеодан кадр: «Оян, таң» бағдарламасы

Актер Айдар Асқарбек қарындасы Аша Матай үшін төбелескен күндерін еске алды. Өнер иесі бұл жайлы Taboo бағдарламасында айтып берді.

«Сол қыз үшін студент кезде қанша төбелестім? Бір оқиға болған. Мен үйге келсем, ол бір жаққа жиналып бара жатыр. Қай жаққа бара жатырсың деп сұрадым. Аша «Бір жаққа кетіп бара жатырмын» дейді. Алдамайтын, «қыздармен» деп айтпады. Мен бірден түсіндім де, кім екенін сұрадым. Аша қобалжып, анама қарайды. Ал анам рұқсат беріп қойған. «Барсын! Студент болды. Мен рұқсат бердім, кім екенін білемін» деді. Мен «Бармайды» деп, есікті құлыптаймын. Тазалап, шығарып қойған аяқ киімін лақтырып жіберемін. Аша «Анашым, маған неге әпке туып бермедің? Маған бәле болды ғой» деп жылады», – деді Айдар Асқарбек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: