«Музарт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов «1001» түн бағдарламасында берген сұхбатында еш жерде айтпаған сырын бөлісті.
«4 жасымда әкем дүниеден озды. Содан бері анамның өсиетін тыңдап өстік. Өнер анамның бойынан дарыған. Мектеп қабырғасында жүргенде тек өнер емес, еңбекке жақын болдым. Жетінші ме әлде сегізінші сыныпта ма жер аударып, қауын-қарбыз да ектім. Өте еңбекқор болатынмын. Бұл туралы алғаш рет айтып отырмын. Сол кезде анам осы бала бәріңді асырайды деп айтатын», – дейді әнші.
Әнші өнер жолын таңдамаса, спортшы болуы мүмкін екенін айтты. Ол мектеп кезінде спортпен оның ішінде бокспен шұғылданған.
«Бір жыл мектепке бармай, спортпен айналыстым. 1,5 жыл бокспен шұғылдандым. Ол кезде артық салмағым болатын, 6 айдың ішінде 35-40 килограмм салмақ тастадым. Мектептегі қыз-жігіттер мені танымай қалды. Егер өнерге келмесем, спортпен айналысатын едім», – дейді әнші.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!