Дүйсенбі, 25 қараша, 23:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Арманына қол жеткізген маман

16.10.2023

265 0

Оқушы кезінен бейнелеу өнеріне қызығып, табиғатына жақын екенін білген Замзия Жағыпарова – арманына қол жеткізген маман.

Бүгінде өзінің сүйікті маман­дығы бойынша өнер мектебіндегі көркемсурет бөлімінде 2013 жыл­дан бастап жұмыс істеп келеді. Онда оқушыларға композиция, кескіндеме мен сурет бейнелеу өнері және тарихы мен мүсін пән­дерінен сабақ береді. Бірақ өнер мектебіне оқушыларды оқыту да балалардың жас  ерекшелігіне аса мән беретінін жеткізді. Ал жасы 10 нан асқан балалар болса, олардың сурет өнерін алып кетуге мүмкінді­гі бар екенін айтты.

Кейіпкеріміз оқушыларын ха­лықаралық, республикалық, облыс­тық және қалалық байқауларға  қатыстырып, жүлделі орындарға ие болып жүргенін айтты.

– Оқушыларымның ішінде ерек­ше талантымен көзге түскен шәкірттерім бар. Олардың қата­рында Медина Нұрлан  4-ші сынып оқушысы мен 2-ші сынып оқушысы Тоғжан Рабатова бар. Басқа шәкірттерім де осал емес. Бұл екеуі өздерінің жеке көрмесін жасады. Әр оқушы өзінің графика, пейзаж, натюрморт, композиция, портрет және тағы да басқа түрлі жанрдағы  40-тан астам суреттерін қойды, – дейді Замзия бізбен әңгімесінде.

Жас мұғалімнің білім беру­дегі басты мақсаты талантты шәкірт дайындап, еліміздің өсіп өркендеуіне үлес қосатын саналы ұрпақ тәрбиелеу екенін жеткізді.

Н.АЛТЫН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: