Жексенбі, 22 желтоқсан, 08:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Баян Мақсатқызы Ерке Есмаханның бірнеше рет жолы болмағанын айтты

18.11.2024

358 0

Сурет: Видеодан кадр: Youtube/ Aissaule Bakytbek-Kaidarova

Қазақстандық танымал продюсер Баян Алагөзова Ерке Есмаханмен жұмыс істеген кезді еске алып, басынан өткен жағдайды айтты. Шоу-бизнес өкілі әнші арудың жұлдызды сәтін ұзақ күтіп қалғанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Баян Мақсатқызы Ерке Есмахан көп еңбек еткенімен ұзақ уақыт жолы болмай жүргенін жеткізді. Өнер иесі тіпті продюсерінің үйіне келіп, жылап назын айтқан кездері де болғанын айтты.

«Ерке Есмахан жұлдызды сәтін ұзақ күтті, көп еңбектенді. Екеуміз барымызды салдық. Бірақ сәті түспей жатты. Ол маған келіп, «Баян Мақсатқызы, сіз Жанарды, Мөлдірді, Кәмшатты жұлдыз еттіңіз. Неге менің бағым жанбай жатыр?» деп айтатын. Мен оған «Сенің уақытың келеді, күту керек, мойыма» дедім. Бұл сөздерімді өзі де растайды. Ол ерекше нәзік дауыс иесі. Мұндай дауыс тыңдарманға ұнамауы мүмкін емес. Ол үйіме келіп, жылап отыратын. «Не істейміз?» деп басымыз қатты. Бірнеше рет жолымыз болмай», соңында ол қыз эстраданы жарды. Ракета секілді ұшып кетті», – деді продюсер «Din Dina Show» бағдарламасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: