Сейсенбі, 26 қараша, 10:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

«Басымды дуалап тастаған» – Гүлзира Айдарбекова

26.11.2024

66 0

Сурет: alash.kz

Продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты бір тың ақпарат айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Бағдарламаның бірінде продюсер ұлы мен келініне қатысты қызық оқиғасымен бөлісті.

«Ол кезде Қайрат хит болып жатыр. Қыздар көп артынан жүгіретін. Мен Жұлдызды көріп алғанмын. Одан басқасын елестете алмаймын. Басқа ешқайсысы ұнамайды. Сосын бір күні Қайрат пен Жұлдыз екеуі ұрсысып қалған. Содан үйге келіп «мама, ана қыз менің басымды дуалап тастаған. Әдемі қыздар көп. Қарайын десем, Жұлдыз миымда тұрады да қалады. Ана дуасын оқытып, қайтадан ашып беріңізші» дейді. Ол кезде жасы 17-де ғой. Содан мен отырып «балам бұл махаббат» деп айттым», – дейді продюсер күліп.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: