ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Сәкен Майғазиев Қазақстанның халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісованың МузАРТ тобының студиясына қатысты айтқан сынына жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Сәкен Майғазиев «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Ол Мақпал Жүнісованың бұл пікіріне еш ренжімегенін, түсініспеушілік туындағанын түсіндірді.
«Біздің студиямыздың алдында кішігірім ойнайтын автоматтар бар. Мақпал әпкемізге солар кедергі келтірген болуы керек. Мен көп қалалардағы студияларда болдым ғой. Негізі біздің МузАРТ-тың студиясы ең жақсы студиялардың бірі. Студия расымен екінші үйіміз сияқты ғой. Тап-тұйнақтай, тап-таза болып тұрады» деді әнші.
Сондай-ақ, Сәкен Майғазиев Мақпал Жүнісованың кез-келген сынын көтеретінін, тіпті «қол көтерсе де» ренжімейтінін айтты.
«Ол кісі пікірін желіге жүктегенде тек біз ғана көреді деп ойлаған болуы керек. Ақкөңіл, аңқылдақ әпкеміз ғой. Ол кісіге не айтса да жарасады. Бізге қол көтерсе де ренжімейміз. Тек оны ақпарат таратушылар дүрліктіріп жіберді. Мақпал әпкемізге еш өкпе жоқ» деді ол.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!