Дүйсенбі, 10 наурыз, 16:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18,2131
08.03.2025
PDF мұрағаты

Концерт қоюын тоқтатқан Төреғали Төреәлі үндеу жасады

10.03.2025

58 0

Әнші Төреғали Төреәлі денсаулығына байланысты концерттерін уақытша тоқтатқан еді. Осыған байланысты әнші үндеу жасады, деп хабарлайды Alash.kz порталы.

Әнші әлеуметтік желі арқылы халыққа үндеу жасап, видео жариялады. Ол өз жазбасында ораза ұстап жүрген жандарға сәлем жолдап, барша мұсылман қауымына дұға тіледі.

Ассаламағалейкум, ардақты ағайын, құрметті достар! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Алладан екі дүниенің бақытын тілейміз. Бақытты болыңыздар! – деді Төреғали Төреәлі видеода.

Әншінің бұл видеосы көпшіліктің ықыласына бөленіп, жанкүйерлері оған жылы лебіздерін білдірді. Олар Төреғалидің саулығын тілеп, тезірек сахнаға оралуын күтіп жүргендерін жазды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: