Шымкент қаласында өткен республикалық «Күміс домбыра – 2024» атты жас ақындар айтысында жерлесіміз Бексұлтан Орынбасар топ жарып, күміс домбыра иегері атанды.
– Айтыс өте тартысты өтті. Екі күнге созылған өнер бәйгесінде еліміздің «сен тұр мен атайын» дейтін мықты 16 ақыны бақ сынады. Бірінші күні 16 ақыннан 8 ақын іріктелді. Екінші күні тағы үш айналым болды. 8 ақыннан 4 ақын оза шығып, финалға дейін жеттік. Айтысқа бір ай дайындалдым, нәтижесінде бәрі ойымдағыдай болып, жеңіске жеттім. Сыр еліне «Алтын домбырадан» кейін «Күміс домбыра» келе жатыр, – деді Бексұлтан Орынбасар.
Республикалық деңгейде ұйымдастырылған бұл айтыс өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейді. Сондай-ақ қазақтың төл өнері мемлекеттің мерейін арттырары сөзсіз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!